ТЕАТРДА – БАЛАЛАРҒА НАУРЫЗ ТОСЫНСЫЙЫ

Біз, ата-аналар, балаларымызды рухани тұрғыда тәрбиелеуге және оларға ұлттық идеологиялық тұрғыда ықпал ету мақсатында дайындалған шығармалар мен қойылымдардың аздығына қынжыламыз. Ауылды жерлерде бұл мәселе әлі күнге шешімін таппай келеді. Ал Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының шығармашылық ұжымы осы олқылықтың орнын толтыруда тер төгіп жүр. Мәселен, 24 наурызда Әз Наурыз бен Халықаралық театр күніне орай  Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Алтын сақа» атты балалар спектакльдері фестивалінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты өткізілмекші.
Театрдың баспасөз хатшысы Гүлназ Теменованың айтуынша, мерекелік іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіне игі ықпал ету: «Театр қойылымдары арқылы сахнада көрініс табуы – жас ұрпаққа рухани, патриоттық тәрбие беруде маңызы орасан. Театрымыздың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында, алғаш рет «Алтын сақа» атты балалар спектакльдерінің фестивалі ұйымдастырылып отыр. Фестивальде Байділдә Қалтаев атындағы «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», Аққағаз Мәмбетова атындағы «Ең үздік әйел бейнесі үшін», Қасым Жәкібаев атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі ер адам бейнесі үшін», Әминә Өмірзақова атындағы «Ең үздік қосалқы рөлдегі әйел бейнесі үшін», «Ең үздік эпизодтық рөл», «Эпизодтық рөлдегі актерлық шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы», «Ең үздік дебют» номинациялары бойынша марапаттау рәсімі өткізіледі. Жүлделерді қазылар алқасы мүшелері мен арнайы шақыртылған қонақтар табыстайды. Баспасөз конференциясының негізгі бөлімінен кейін, фестивальдің алғашқы спектаклі назарларыңызға ұсынылады».

жастар театры
Баспасөз мәслихатында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры Әбдіқалықов Сәбит Әбдімүтәліұлы;
Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Ахманов Мұрат Ноянбайұлы; театрдың актрисасы, Қазақстанның халық артисі Роза Әшірбекова, театрдың әдебиет бөлімі меңгерушісі, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан баяндама жасайды.
Шараға қатысуға ниетті журналистерге ақпарат:
Өтетін орны: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Абылай хан көшесі, 38.
Өтетін уақыты: 24.03.2016 жыл, сағат 10:00- да.
Тел: 273-22-48.
Гүлназ 87026011557
Майя 87019050575

Related posts

ӘР ЕЛДІ ӘЙГІЛІ ЕТКЕН САЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Назия Жоямергенқызы

Президент Абай облысындағы өрт аумағын тікұшақпен аралап шықты

ttjk

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ttjk