СТАМБҰЛ: ТАКСИМДЕГІ ЖАРЫЛЫС

Стамбұлдағы Бейоғлұ Истиклал көшесінде жарылыс болды. Лаңкестік әрекеттің салдарынан 4 адам қаза тауып, 20 шақты адам жараланған. Олардың төртеуінің жағдайын дәрігерлер өте ауыр деп бағалап отыр.

Жарылыста бомбаны іске қосқан «жанды жарылғыш» та ажал құшты. Қазір әйгілі Таксим алаңында ондаған «Жедел жәрдем» көлігі бар. Лаңкестердің Таксим алаңын таңдауы бекер емес. Өйткені осы алаңға шетелдік туристер мен стамбұлдықтар жиі жиналады. Түрлі көңіл көтеретін ойын-сауық орталықтары да осында.

Оқырмандардың естеріне сала кетсек, өткен аптада Анкарада болған жарылыстың салдарынан 37 адам қаза тауып, 125 адам жарақат алған болатын. Бұл соңғы кездері Түркиядағы саяси ахуал мен қауіпсіздік мәселесінің ақсауынан туындап отыр.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

АТЫРАУДАҒЫ ЖУРНАЛИСТЕР СЕМИНАРЫ фоторепортаж

Назия Жоямергенқызы

«ITeachMe». Инклюзивтілік пен IT

ttjk

ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ ЕНШІЛЕС ҰЙЫМЫ – ӨЗБЕКСТАНДА

ttjk