Қызылорда облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 1686 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Сонымен қатар қоғамдық орындарды ластаудың 110 және абаттандыру ережелерін бұзудың 25 дерегі тіркелген.
Жол қозғалысы ережелерін бұзған 1358 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 6–7 қараша күндері мас күйде көлік басқарған екі жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамаққа алынған.
