Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 14 сарбаздың қаза табуына байланысты тергеудің жаңа нәтижелері жарияланды. Бас прокуратура мәліметінше, 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сараптама мен зерттеу жүргізілген. Бұған дейін сегіз әскери лауазымды тұлға ұсталған.
24 қыркүйекте Каспий теңізіндегі жаттығу кезінде 17 сарбазды толқын ағызып әкеткен. Олардың 14-і қаза тапқан. Прокуратура тергеудің аяқталуға жақындағанын мәлімдеді.
