СТАМБҰЛДАҒЫ ЖАРЫЛЫС: 36 ШЕЙІТ, 150-ГЕ ЖУЫҚ ЖАРАЛЫ

Стамбұлдағы Ататүрік әуежайында жарылыс болды. «Hürriyet» газетінің хабарлауынша, лаңкестік әрекеттің салдарынан 36 адам қаза тауып, 150-ге жуығы түрлі деңгейде жарақат алған. Шейіт болғандардың арасында Түркия азаматтарымен қатар шетелдіктер де бар. Қазақстан Сыртұы істер министрлігі бұл жайтқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ататүрік әуежайының халықаралық рейстер ұшырылатын бөлігіндегі кіреберісте және автотұрақта болған 3 жарылысты 3 жанкешті жүзеге асырған. Жанкештілердің біреуі полиция тарапынан оққа ұшса, енді бірі өзін өзі жарып жіберген. Олардың қандай лаңкестік ұйымның мүшесі екені анықталып жатыр.

Қайғылы хабарға қатысты реси мәлімдеме жасаған үркия Әділет министрі Бекир Боздағ 31 адамның қаза тауып, 147-сі жараланғанын айтқан еді. Алайда, көп ұзамай, Түркия премьер-министрі өлгендер саны 36-ға артқанын жеткізді.

Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдары таратып жатқан ресми деректерге сүйенсек, бүгінде лаңкестерге қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілген Ататүрік әуежайына келген жанкештілер ішке өте алмағандықтан, лаңкестік әрекеттерін әуежайға кіреберісте жасауға мәжбүр болған.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Су тасқыны кезеңіндегі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы

ttjk

HALYK BANK: АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫНА – ТАБИҒИ ГАЗ

ttjk

МАКЕДОНИЯ, ҮСКҮП (ÜSKÜP HAKKINDA FOTOGALERI)

Назия Жоямергенқызы