“ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

Алматы шаһарында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы аясында «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында семинар-тренниг өтуде.

Еліміздің әр аймағынан келген БАҚ өкілдері белгілі психолог Жания Бейсенованың «Психологиялық қысым және эмоцияны басқару», «Эмпатия» тақырыбында ой қозғады.

Атап айтқанда, «Психологиялық қысым және эмоцияны басқару», «Эмпатия» тақырыбы бойынша медиатренер Жания Бисенова жан-жақты түсіндіріп, топпен тәжірибелік жұмыс жүргізді. Семинар тренниг барысында қатысушылар бір-бірімен қызу пікір алмасты. Сонымен қатар «Соғыс, зорлық-зомбылық, табиғи апаттар құрбандарымен сұхбат алу, қарым-қатынас жасаудың психологиялық тәсілдері» туралы да топпен тәжірибелік жұмыс қызықты өтті. Ал медиатренер Мейіржан Әуелханұлы жүргізген «Жасанды интеллектті журналистикада пайдалану» тақырыбы бүгінгі XXI ғасырда өте өзекті болғандықтан, қатысушылардың қызығушылығын ерекше арттырды. Тәжірибелік жұмыста түрлі сұрақтарға жауаптар берілді. Қатысушылар сурет пен видео өңдеуде де көп нәрсені көңілге түйді. қатысушылардың бұл тақырыпқа қызығушылығы зор екені байқалды.
Жалпы айтқанда, бүгінгі іс-шараның қатысушыларға үйретері мол болды.

Семинар-тренинг барысында қатысушылары бейне материалдар арқылы берілген психологиялық тапсырмаларды талдап, топтық және жеке жұмыстарды істеді. Одан бөлек, бүгінгі күні танымал, әрі сұранысқа ие технология – жасанды интеллектпен жұмыс істеу, тәжірибеге енгізуді үйренді.

Related posts

The global healthcare sector will meet in İstanbul at the ICCA AC Forum

ttjk

ТҮРКІ ЖУРНАЛИСТЕРІ БАС ҚОСТЫ

Назия Жоямергенқызы

Түркияның тұңғыш ғарышкері Альпер Гезеравжы ғарышқа аттанды

ttjk