Жетеуі – егіз: Қазақстанда Тәуелсіздік күні 700-ден астам сәби өмірге келді

Тәуелсіздік мерекесі күні Қазақстанның медициналық мекемелерінде барлығы 725 нәресте дүниеге келген. Олардың ішінде жеті сәби егіз болып туған.

Ведомствоның дерегіне сәйкес, мереке күні туған балалардың жыныстық құрамы шамалас болған: 362 ұл және 363 қыз.

«Тәуелсіздік күні сәбилердің өмірге келуі – мемлекет үшін де, сол қуанышты сәтті бастан кешірген отбасылар үшін де айрықша маңызға ие.

Перзентханалардағы медицина мамандары мереке күні де аналар мен жаңа туған нәрестелерге дер кезінде әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, өздерінің кәсібилігі мен жауапкершілігін айқын дәлелдеді», – делінген ресми хабарламада.

Ақпарат: Денсаулық сақтау министрлігі

Фото: gov.kz

Related posts

В ОБЛАСТИ АБАЙ ПРОВЕДЕН ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ «ПАРАД ПАРКОВ» В РАМКАХ АКЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»

Назия Жоямергенқызы

ITEC Қазақстан азаматтары үшін оқу орын санын 75-тен 100-ге дейін көбейтті 

editor

Алматыдағы цифрлық арналар және әлеуметтік медиа: Қоғаммен кері байланыс орнатудың тиімді тәсілі

Назия Жоямергенқызы