АЛМАТЫДАҒЫ АТЫС

Алматы, 18 шілде. Алматы қаласындағы Қарасай мен Байтұрсынұлы көшелерінің қиылысында орналасқан Алмалы аудандық ІІБ ғимаратына белгісіз біреулер шабуыл жасаған. Салдарынан 3 полиция қызметкері мен 1 бейбіт тұрғын қаза тапты.

ҚР Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматының бірнеше жерінде атыс болған. Полиция бөлімшесіне жасалған шабуыл кезінде қылмыскерлер «Боран» полиция экипажының автоматын қолды еткен. Полицейлерге тиген оқ та осы қарудан. «Қазақконцерт» маңында қолға түскен күдікті Қызылорда обысының тумасы, бұрын сотталған. Оның жанындағы бір күдікті ізін жасырып үлгеріпті.

Алматыдағы төтенше оқиға туралы ақпаратты қала тұрғындары Уотсап желісі бойынша ала бастады. Құзырлы органдар тарапынан біразға дейін ресми мәлімдеме түскен жоқ. Отандық тееарналардың барлығы дерлік профилактикалық жұмыстарға сәйкес, тоқтап тұрды. Сағат 15.00-де 31 арнаның жаңалықтар қызметі іске қосылып, шұғыл ақпарат берді. Ресми ақпардың кешігуі салдарынан, әлеуметтік желілер арқылы қаладағы сауда орталықтарында бірнеше адамның кепілдікке алынғаны, «Алматы-1» теміржол вокзалында өрт болғаны жайлы ақпар тараған. Бірақ көп кешікпей, ҚР Ішкі істер министрлігі тарапынан теріске шығарылды.

Қазір Аматы бойынша лаңкестік қауіпке байанысты қызыл деңгей жарияланып, аматылықтар мен қала тұрғындарын адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауға, егер біреуер көңілге күдік тудырса, полицияға хабар беруге шақырды.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Орталық Азияның Еуразия қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «QOLDA» жедел көмекбағдарламасының төртінші кезеңін іске қосты

ttjk

АЙЛЫҒЫ АЗДЫҢ САЛЫҒЫ ДА АЗ

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев Siemens Energy компаниясының басқарма төрағасы Кристиан Брухпен кездесті