САЙЛАУ-2016: Түркітілдес елдердің өкілдері келді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясына қатысушы елдерден делегациямен кездесті.
Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан кездесуге делегация Басшысы, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисінің депутаты Низами Гулу оглу Джафаров, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты Абылкайыр Осмонбекович Узакбаев, Түрік Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары Халюк Ипек, Эркан Айдын, ТүрікПА-ның Бас Хатшысы Жандос Асанов және ТүрікПА комиссиясының хатшысы Эмин Акиф оглу Гасанов қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі делегация мүшелерін сайлау науқанының маңызды кезеңдерінің бірі – сайлауалды үгіттің аяқталғаны туралы ақпараттандырды, сондай-ақ 2016 жылғы 16 наурызда болған саяси партиялардың теледидарлық пікірсайысын ұйымдастыру жөніндегі Ортсайлаукомның жұмысы және елдегі сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы айтты.
Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы делегациясының Басшысы Джафаров мырза Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұжымының және олар басқаратын төмен тұрған сайлау комиссияларының өте жоғары кәсіби деңгейін көрсететінін атап өтті: «Сіздің елдегі сайлау сайлаушылардың жоғары белсенділігімен және демократиялық қағидаттарға сәйкес өткізілуімен әрқашан ерекше».

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

COVID-19 ПАНДЕМИЯСЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖУРНАЛИСТІК БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ttjk

«ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ» – 2019

Назия Жоямергенқызы

«ЕРКІН СӨЗ»-2021

ttjk