HALYK BANK БІРЖОЛҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Halyk Bank тұрғын үй жағдайларын жақсартуғаарналған біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) алуғаөтінімдер қабылдауды бастады. Өтінімді үйден шықпай-ақ,Halyk (Homebank) мобильді қосымшасында онлайн беругеболады.

Halyk Homebank қосымшасына өтінім берер алдында өтінішберуші enpf.kz немесе egov.kz  сайттарында пайдалану үшінқолжетімді БЗТ нақты сомасын нақтылауы қажет.

Одан кейін ғанаБЖЗҚ-дан БЗТ алуға өтінімді Halyk(Homebank) қосымшасында онлайн беруге болады.

БЗТ алуға өтінімді қалай беру қажет?

1. Halyk (Homebank) қосымшасын Android және iOSсмартфондарына арналған соңғы нұсқасына дейін жаңарту қажет
2. Halyk (Homebank) қосымшасын ашып, бас экранда «БЗЖҚ төлемдерін» таңдау керек
3. БЗТ алуға өтінімді толтырып, «Ресімдеу» батырмасын басу қажет
4. Құжаттармен танысып, ЭЦҚ арқылы қол қою
5. БЗТ-ға арналған арнайы шот болмаған жағдайда, ол автоматты түрде ашылады
6. Өтінім жасалды және Банк оны қабылдады

Halyk (Homebank) қосымшасында тіркелмеген клиенттерге Android немесе iOS смартфондарына арналған қосымшаны жүктеп, қосымшада тіркелу қажет, ал ары қарай жоғарыда берілген нұсқаулықты орындау керек.

БЗЖҚ өтінімді 5 жұмыс күніне дейін қарайды, одан кейін клиентке SMSхабарлама түрінде жауап жіберіледі. Ары қарайБанк біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша БЗТ сомалары есепке алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде клиенттің арнайы шотына аударады.Егер ақша 3 күннің ішінде таңдалған мақсатқа пайдаланылмаған болса, онда ол БЗЖҚ-ға қайтарылады. Банк БЗТ-ны аударуға байланысты ешқандай комиссия есептемейді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Банк БЗТ-ны Halyk Bank арқылы қолдануға болатын үш негізгі мақсаты туралы хабарлады. Ол мақсаттарға:

тұрғын үй сатып алуға және (немесе) бір шартшеңберінде жөндеу жасаумен түрғын үй сатып алуғаипотекалық қарыз алу үшін бастапқы жарна енгізу
тұрғын үй сатып алуға және (немесе) бір шартшеңберінде жөндеу жасаумен түрғын үй сатып алуғаипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесетолығымен өтеу
ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыружатады.

    Halyk Bank ипотека бойынша тиімді шарттарды ұсынады, оның ішінде «Halyk Sale» жеңілдікті шарттармен тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасы және төмен пайыздық мөлшерлемелермен «Баспана-хит» (қолданыстағы және бастапқы тұрғын үйді кредиттеу), «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бар.

Құжаттардың толық тізімімен және оларды ұсыну тәртібімен:

Halyk (Homebank) қосымшасында басты беттің «Инфо» бөлімінде
halykbank.kz сайтында Halyk Info бөлімінде танысуға болады

***

Halyk Bank тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қордан (БЖЗҚ) біржолғы зейнетақы төлемдерді (БЗТ) нысаналы мақсатына сай пайдалану бойынша уәкілетті оператор.

Related posts

Лыжный сезон в Турции

ttjk

Осень раскрывает лучшие пейзажи Кападокии

Назия Жоямергенқызы

ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІТІЛДЕС ЖУРНАЛИСТЕР МЕДИА ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ

editor