4 АҚПАН – ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Қазақстандық эстрада жұлдыздары, танымал тележүргізушілер мен блогерлер қазақстандықтарға үндеу жолдады. Олар халықты міндетті түрде тегін онкоскринингтен өтуге шақырады. Атақты адамдар ҚР ДСМ бас онкологы Диляра Қайдарованың бастамасымен әлеуметтік роликке қатысты.
Қазақстандық онкологтардың акциясын Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Баян Мақсатқызы, Жеңіс Ысқақова, Рүстем және Алинур Нұржігіт, Айгүл Мүкей, Сағынай Абдулин, Айбек Жансейітов (Бүркіт), Елена Исаева, Аида Кауменова, Жанна Орынбасарова, Айгүл Бабаева, Аша Матай, Нұрберген Махамбетов және Айсәуле Бақытбек қолдады.
Ең көп таралған қатерлі ісік түрлерін ерте анықтауға арналған онкоскринингтерді тұрғылықты жері бойынша (тіркелген жері бойынша) емханалардан өтуге болады.

1) Сүт безі қатерлі ісігінің скринингі. 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер. 2 жылда 1 рет.
2) Жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер. 4 жылда 1 рет.
3) Колоректальды қатерлі ісік скринингі (тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі). 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер. 2 жылда 1 рет.

Онкоскрининг кез-келген уақытта қол жетімді және ақысыз! Есіңізде болсын, ерте анықталған диагноз өмірді сақтайды.

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасы бойынша Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Қазақстанда жыл сайын 36 мыңға жуық жаңа қатерлі ісік ауруы тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 180 мыңнан астам онкологиялық науқастар тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан 14 мың адам қайтыс болады.
Қазақстанда ең көп таралған қатерлі ісік түрлері: сүт безі қатерлі ісігі, өкпе қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, жатыр мойны қатерлі ісігі және колоректальды қатерлі ісік. Қазақстандықтар үшін онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді және оны мемлекет толық қаржыландырады.

 

Related posts

Международная выставка MODEKO-2018

ttjk

BURSA 7th INTERNATIONAL BALKAN COUNTRIES THEATER FESTIVAL “Balkan Breeze”

«THE ART OF STORYTELLING» ФЕСТИВАЛІ

Назия Жоямергенқызы