ОРМАНДАҒЫ ӨРТ ТУРАЛЫ

ҚР мемлекеттік орман қоры аумағындағы орман өрті туралы ақпарат.

2020 жылдың 10-17 шілде аралығында Облыс әкімдіктерінің және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 19 орман өрті тіркелді. Оның ішінде:

Ақтөбе облысы бойынша – 5 өрт;
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 9 өрт;
Қостанай облысы бойынша – 2 өрт;
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 1 өрт;
Бурабай МҰТП бойынша – 2 өрт.

2020 жылдың басынан бастап ҚР бойынша ормандарда жалпы ауданы 22 403,25 гектар болатын 394 орман өрті оқиғасы тіркелген. Оның ішінде орман өрті 9 573,99 гектар, оның ішінде орманмен көмкерілгені 7 103,59 гектар, оның ішінде жоғарғы 1209,04 гектар, орман емес 12 829,26 гектар, жалпы залал 1 883,5 млн.теңге болған.
Облыстық атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік орман иеленушілердің қарамағындағы ормандарда жалпы көлемі 10 282,14 га 216 орман өрті, оның ішінде орман өрті 5 388,53 га, оның ішінде орманмен көмкерген 4 369,42 га, жоғарғы 135,69 га, орман емес 4 893,61 га, залал 50 773,8 мың теңгені құрады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағындағы ормандарда жалпы ауданы 12 121,11 гектар, оның ішінде орман өрті 4 185,46 гектар, оның ішінде орманмен қамтылған 2 734,16 гектар, оның ішінде жоғарғы орман өрті 1073,35 гектар болды. Орман емес ауданы 7 935,65 га, шығын 1 832 738,4 мың теңгеге жеткен.

Өрт сөндіру барысында Жуалы Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің екі қызметкері жарақат алды.

Related posts

ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ – ЙОЗГАТ

ttjk

Tunceli’de PKK’ya dev operasyon

Назия Жоямергенқызы

На Тенгизе запущен завод по производству гранулированной серы

ttjk