Балаларды үйде жалғыз қалдырғандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдыру мәселесі бойынша бастама көтерді.

Балалар омбудсменінің ұсынысына себеп болған оқиға — қайғылы өрт оқиғалары. Уәкілдің келтірген мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Қазақстанда 15 өрт оқиғасы болып, соның салдарынан балалар қаза тапқан. Көбінесе қайғылы оқиға балалардың үйде жалғыз қалуынан болған.

«Бұл оқиғаларды талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға тыйым салатын заңнамалық шараларды енгізу қажет деп есептеймін. Әрине, сонымен қатар қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет ұсынатын көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі тиіс»,  деп жазды балалар омбудсмені.

 

Related posts

Студенты предложили идеи по стабилизации в Афганистане

ttjk

Крупнейшие нефтяные компании проиграли спор по поводу месторождения Карачаганак на сумму до 4 миллиардов долларов — Bloomberg

Назия Жоямергенқызы

Республика күніне арналған салнататты кеш ұйымдастырылды

editor