Ғашықтар күні қарсаңында Түркияның ең романтикалық жерлерімен таныс болыңыз!

 

Міне, әлем жұрты нағыз романтикалық күн ретінде атап өтетін 14-ақпан – Ғашықтар күні де жақындап келеді. Осыған орай, Түркия 14-ақпанда керемет әсер алып, дәл осы күн мәңгі есте қалуы үшін бірнеше қызықты жерлерге баруды ұсынады. Осынау күні сапарлауда жаңа дәстүр қалыптастырып, қыдыруға болатын жерлер қатарында – мәдени астана – Стамбул, табиғат пен тарих үйлесім тапқан – Каппадокия, шығыс Анатолияның жауһары Карс пен Шириндже және Селжұқтардың тарихи мекені Измир бар. Стамбул Ғашықтар күнін естен кетпестей атап өтуге болатын дүниедегі ең романтикалық қалалардың бірі. Жалпы, Стамбул қандай мерекелік шараға ерекше сән береді. Бұл қаланың әрбір бұрышында табиғат пен тарихтың үйлесім тапқанын көреміз.  Истикляль көшесі, Галат мұнарасы мен көпірі, Пьер Лоти, Чамлыка дөңдері, Базилика цистернасы, Румели қамалы,  Эмирган тоғайы, Анадолу Каваги және Босфор бұл керемет жерлер сіздер үшін қала көрінісінен поэтикалық әсер алатын санаулы жерлердің бірі ғана. Азия мен Еуропаның түйіскен тұсында тұрған Стамбулда Ғашықтар күні романтикалық кешкі ас ішуге арналған Мишлен жұлдызын алған мейрамханалар мен басқа да дәмі тіл үйіретін түрлі тамағы бар орындар жетерлік.

Каппадокия: ертегі еліндегі романтикалық демалыс

Ғашықтар күні Каппадокияда сюрралистік әсем көрініс аясында үңгір отелдерде демалыс өткізуге болады. Ертегі еліндегідей бұл әсем жер демалушыға мың бояулы әуешары, құпияға толы мәдени һәм көрікті орындары және шарап жасаудың ежелгі тәсілінің арқасында романтикалық ұмытылмас әсер сыйлайды. Сіз мереке күнінің таңын әуешарына мініп, тамашалаудан бастай аласыз. Гереме ауылынан таңғы бесте шығып, әуешарына мінген соң сонау биіктен Каппадокияның сұлулығына тамсануға болады. Мұнда көкте самғай жүріп өзге ғажайып көріністермен біге айрықша жартастарды, Көгершіндер және Земи мен Пашабаг жазығына көз сүйіндіруге мүмкіндік бар. Ғашықтар мерекесіне арналған күні бойығы керемет қыдырыстан соң ежелгі дәстүрлі жартас және тасты архитиктурамен таныстыратын үңгір-отелде демала аласыз. Ал қолыңызға жергілікті шарапты алып, камин қасында отырсаңыз, кешіңіз тіпті әсерлі болмақ.

Карс: Анадолыдағы махаббат мекені

Карс қысты күні тіпті бөлек. Осы аралықта бұл жақ көптеген тарихи орындар мен табиғаттың көрікті жерлері нің және жергілікті жеңсік асымен ерекше. Ғашықтар күні қалың қары мен өзіндік сұлулығы бар қалаға Түркия астанасы Анкарадан жүретін саяхатшыларға арналған Шығыс экспресспен немесе пойызбен баруға болады.  Карсқа баратын пойыз Кырыккале, Қайсери, Сивас, Эрзинджан және Эрзурум қалаларынан өтеді. Жол бойы әсем табиғат пен тарихи орындарды тамашалауға болады. Балтық жағалауы стилінде салынған Карс қаласының орталығындағы ғимараттар Еуропаны еске түсіреді.  Ежелгі ғимараттарға бай Ани қаласынан соң сіз ЮНЕСКО мұралары тізіміне енген Сарықамыс қаласын көріп, әппақ қарда шаңғы тебе аласыз. Одан кейін әдетте қысты күні қатып қалатын Чылдыр көлінде жұбыңызбен бірге шанамен сырғанап, балықшылардың ойықтан балық аулағанына куә болып, мұз үстіндеромантикалық серуен құрасыз.

Ширинце-Эфес: Эгей теңізіндегі романтикалық бағыт

Егер сізге Ғашықтар күнін өткізу үшін жылы климат қажет болса, онда Эгей теңізінің жауһары саналатын Измирдегі Шириндже ауылына баруды ұсынамыз. Бұл өлкенің де тарихы тереңде. Ширинджеге сапар барысында ондағы тар көшелерде орналасқан тарихи ғимараттарға сүйсініп, қыдырыстайсыз. Одан соң ауылдан небары 10 шақырым жерде тұрған Эфес қаласына баруға болады. Әртүрлі өркениеттің, түрлі дін мен сәулеттің ошағы болған бұл қала ЮНЕСКО мұрасы саналады. Махаббатқа ерекше мән берілетін Ғашықтар күнін осылайша есте қаларлықтай әсерлі өткізуге болады.

Related posts

Түркі әлемінің медиасы – Гемликте

ttjk

Әр түрлі жанрдағы түсірілім ерекшеліктері: кино, деректі фильмдер, жарнама

ttjk

Турнир на Кубок Начальника Специализированного лицея «Арыстан»

ttjk