Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

zakon.kz

Related posts

Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Назия Жоямергенқызы

Türk medyası Brüksel’de toplanıyor

Этносаралық келісім: медиаторлар тәжірибе алмасты

Назия Жоямергенқызы