ЖИҺАЗ КӨРМЕСІ: MODEKO-2018

Түркияның Измир қаласында 2018 жылдың 7-11 наурызы аралығында өткізілетін MODEKO-2018 халықаралық жиһаз көрмесіне Жер шарының 50-ден астам елінен сатып алушы келеді. Сонымен қатар аталған шарада түрік кәсіпкерлері өз өнімін ұсынады.

Жыл сайын FUARİZMİR көрме алаңында болатын шараға биыл Қазақстан делеагациясы да барып қайтты.

Қазақстан тобын ұйымдастырушылар мен измирлік жергілікті билік өкілдері өте жылы қабылдады.

Көрменің маңыздылығы сол, жаңа жылдың жаңа үлгілері ұсынылады, серіктестерді делдалсыз табуға болады.

MODEKO-2018 көрмесіне қатысуға мүдделі кәсіпкерлерге ұйымдастырушылар жағдай жасап отыр. Тек жиһаз сатушылар Стамбұлға дейін бару-қайтуға ұшақ билетін сатып алулары шарт. Қалған шығын, атап айтқанда, Стамбұлдан Измирге дейін көлік, Измирде 4 не 5 жұлдызды қонақүйден 3 түнге тегін жатын орын, қонақүйден көрме алаңына дейін апарып-әкелетін көлік, жаңа каталогтар, мәліметтер беріледі.

Қазақстанның барлық облыс, аудан, аймағында жиһаз сататын дүкен не сауда орталығы бар азаматтарға құлаққағыс: егер Измирдегі аталған көрмеге барғыңыз келсе, +7 778 878 34 08 нөміріне хабарласып, толыө мағлұмат алуға болады. Ұшақ билетін неғұрлым ертерек алсаңыз, соғұрлым арзанға түсетіндіктен, Измирге баратын қазақстандық делегация өкілдері ұшақ билетін алдын ала сатып алады. Осы сапарға орай, What’supp тан арнайы топ ашылған.

Стамбұл-Измир бағытындағы сапарды ұйымдастырушы: Түркітілдес журналистер қоры.

«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

«ХАЛЫҚ БАНКІНІҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ

ttjk

Astana Science Festival 2020

ttjk

«БАЛАЛЫҚТЫҢ МІНІП КЕМЕСІН»…