Парашютпен секірген сарбаз қаза тапты

Астана маңындағы оқу-жауынгерлік тапсырма орындау кезінде ұшақтан парашютпен секірген сарбаз қаза тапқан. Қайғылы оқиға қаңтардың 18-күні болған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Марқұм әскер қатарына 2022-жылы шақырылған. Қарағанды облысының тумасы.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқан азаматтың командирлер мен жауынгерлер арасында сыйлы болғанын атап өткен. Ведомство өкілдері сарбаздың жақындарына көңіл айтып, оның отбасына көмек көрсетілетінін мәлімдеген.

Қазірде жауынгердің қазасының себеп-салдарын анықтау үшін тергеу-тексеру амалдары басталған.

Сурет:flashsiberia.com

 

 

Related posts

Бітімгерлерге өтемақы мүгедектігіне байланысты белгіленеді

editor

Алимент төлеуден жалтарып жүрген 326 борышкер құмар ойындарға 800 млн теңгеден аса ақша салған

editor

ПРЕЗИДЕНТ КӨҢІЛ АЙТТЫ

ttjk