STEM үйреніп, болашаққа ұмтыл!

«Білім керуені» білім беру жобасы «Шеврон» компаниясымен серіктестікте, STEM-бағыттары аясында тегін онлайн-практикумдарды іске қосатынын хабарлайды. Шілде және тамыз айларында мектеп директорлары, оқушылар, ата-аналар, педагогтар және білім беру саласының басқа да қызметкерлері қазақстандық және халықаралық сарапшылардың жетекшілігімен өтетін онлайн-тренингтер мен воркшоптарға қатыса алады.

STEM аббревиатурасында негізгі білім беру және дамудың басымды бағыттары – ғылым, технология, инженерия және математика көрсетілген. STEM-ның көмегімен балалар әрі қарай күрделі техникалық тапсырмаларды шешіп, жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін ғылыми және математикалық ойлауды дамытады.

«Білім керуенінің» бағдарламалық менеджері Алмас Ордабаев математика мен химия мектеп бағдарламасында жеке-жеке оқытылмауы тиіс деп есептейді: «STEM-бағыттардың жалпы оқу мақсаттары көп. Егер мұғалім осы қиылыстарды өздігінен таба алмаса, мектеп оқушысы пәнаралық санаттарды өз бітемен көрмеуі мүмкін. Заманауи STEM мұғалімі үшін басты сын-тегеуріндердің бірі – бала осы байланысты көре алатындай сабақты жоспарлау және сабақ беру. Балаға тұжырымдамалық ойлауды және бір құбылысты зерттей отырып, пәннен пәнге оңай ауысуды үйрету керек. «Мұны қалай істеуге болады?» – біздің жобамызға қатысатын мамандарға, сарапшыларға, ата-аналар мен мектеп оқушыларына осы сұрақты қойғымыз келеді».

«Білім керуені» 7 тақырып аясында жұмыс жүргізеді, әрі бағдарламалар кешкілік уақыттарда онлайн түрде, синхронды аударма негізінде қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Бағдарламаға қорытынды ретінде қатысушыларға сертификаттар беріледі, ал белсенді қатысушыларды бөлек марапаттау қарастырылған.

«Білім керуенінің» келесі іс-шараларына қатысу үшін төменде көрсетілген сілтемелер арқылы тіркелуге болады:
● 20-24 шілде, Директорларға, мектеп әкімшілігі мен оқытушыларға арналған «Білім саласындағы менеджмент: орта мектептегі өзгерістер көшбасшысының моделі» онлайн-курсы. Тіркелу – https://caravanofknowledge.com/form3;
● 27-31 тамыз, Arduino бағдарламалау, зымырандарды құрастыру және пластиктерді өңдеу бойынша мектеп оқушыларына арналған онлайн-воркшоптар сериясы. Тіркелу – https://caravanofknowledge.com/form6;
● 3-7 тамыз, Директорларға, оқытушыларға, ата-аналарға және оқушыларға арналған «STEM және инклюзивтік білім» онлайн-курсы. Тіркелу –
https://caravanofknowledge.com/form4 ;
● 10-14 тамыз, жаратылыстану-математика пәндерінің оқытушыларына арналған «STEM-нің жалпы білім беру бағдарламасындағы орны» онлайн-курсы. Тіркелу – https://caravanofknowledge.com/form5
● 17-21 тамыз, оқытушылар, оқу меңгерушілері және педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Тиімді педагогика: STEM-ді мектепте оқыту құралдары» онлайн-курсы. Тіркелу – https://caravanofknowledge.com/form7;
● 24-28 тамыз, «STEM және болашақ мамандықтарында сұранысқа ие дағдылар» онлайн-курсы. Тіркелу — https://caravanofknowledge.com/form8;
● 31 тамыз – 4 қыркүйек «Білім беру стратегиялары: Қазақстан мектебінің жолы қандай?» онлайн-курсы. Тіркелу — https://caravanofknowledge.com/form9

Сондай-ақ, осы жоба аясында бағалы сыйлықтармен марапатталынатын үш конкурс өткізіледі:
● Science On Stage Qazaqstan- Еуропалық Science On Stage фестиваліне ғылыми және педагогикалық мамандықтардың оқытушылары мен студенттерін қазақстандық іріктеуден өткізу. Қатысушылар оқытудың ең үздік әдістерімен бөлісіп, креативті ғылыми жобалар жасауы қажет. Жоба туралы толығырақ ақпаратпен сілтеме бойынша өтіп, таныса аласыздар – http://scienceonstage.kz/

● VEXCode VR Challenge — Python тілінде виртуалды робот жасау. Толық ақпаратпен сілтеме бойынша өтіп, таныса аласыздар – https://caravanofknowledge.com/tpost/sr5dc25c00-sozdai-virtualnogo-robota

● Nusqaulyq Contest-қатысушылар қолжетімді технологияларды қолдану арқылы коронавируспен күрестің креативті тәсілдерін ойлап табады. Конкурс туралы толығырақ білу үшін- https://caravanofknowledge.com/tpost/u5n6vpbz6r-uchastvuite-v-nusqaulyq-contest.

● Басқа да курстар мен іс-шаралар туралы, сондай-ақ жалпы «Білім керуені» туралы толық ақпаратты жобаның https://caravanofknowledge.com/ сайтынан және келесі әлеуметтік желілерден табуға болады:
● https://www.facebook.com/CaravanofKnowledge.kz/
● https://www.youtube.com/watch?v=7lOrJKQS15A
● https://www.instagram.com/caravan_of_knowledge/
● https://t.me/caravanofknowledge

Related posts

Қ.Тоқаев: «ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

ttjk

ҰБТ: БИЫЛҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР мен ӨЗГЕРІСТЕР

ttjk

Özbekistan 17 yıl sonra tekrar Türk Konseyi Zirvesinde

ttjk