ІНДЕТПЕН КҮРЕСТЕ БІРЛІК КЕРЕК

Елімізді ғана емес, бүкіл әлемді әбігерге салған індет – коронавирусқа байланысты Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенже жағдай жарияланды. Карантиннің мектеп оқушыларына тигізетін әсері қандай? Ақтөбе облысы Ырғыз ауылдық округының әкімі Алтынбек Сарин мырзамен әңгімелескен едік.

– Алтынбек Асылбекұлы, қазіргі елімізде жарияланған төтенше жағдай жайлы не айтасыз?

– Бұл індет әлемнің барлық мемлекеттеріне залалын келтіріп жатыр. Қауіп әлі де басылар емес. Әлем мемлекеттері бұл індетпен күресуде барлық күш-жігерін жұмсауда. Экономикалық қиындықтар да баршылық. Қазақстан Республикасының Президенті осы қауіптің алдын алу үшін дер кезінде елде төтенше жағдай жариялады. Пандемеямен күресу үшін тиісті шаралар қолға алынды. Індеттің жайылмауына сеп болған төтенше жағдай адамдардың қауіпсіздік шараларына бағынуға және жеке гигиеналық талаптарды сақтауға үйретті. Үйден шықпаудың арқасында виурстың таралуына тосқауыл қойылды. Қыруар шаруа атқарылса да, осы дертке шалдыққандар саны көбейіп барады.

– Әкімдік тарапынан адамдарға қандай талап қойылды?

– Адамдардың қорғаныш құралдарын қолдануы мен маска тағуы өте маңызды. Аса қажет болмаған жағдайда үйде отыру қажет. Азық-түлік, дәрі-дәрмек пен гигиеналық жабдықтар қажет болса ғана көшеге шыққан жөн. Жергілікті атқарушы органдар мен арнайы мамандардың кеңестері мен талаптарын орындау маңызды.

– Қазір Ақтөбе облысы бойынша вирус жұқтырғандар саны қанша?

– Ақтөбе облысы ауруға шалдыққан 153 адам тіркелген.

– Мектеп оқушыларына карантин уақытында көшеде жүруге болама?

– Жоқ, болмайды. Мемлекет барлық жоғары оқу орындардың студенттері мен мектептердегі оқушыларды қашықтықтан онлайн оқуға көшірді. Сондықтан оқушылар көшеге шықпай, үйде болулары қажет.

– Қазіргі 11-сынып оқушыларына вирустың тигізер әсері, яғни, соңғы қоңырау, аттестациялау бола ма?

– Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты соңғы қоңырау шарасы өткізілмейді деп жоспарлануда. Мемлекеттік емтихандар жүргізілмейді. Оқушылар тоқсандық, жылдық бағалармен қорытындыланып, аттестатқа сол бағалар енгізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінен ақпарат күтіп отырмыз.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сүлейменова Еркеназ, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №1 Қазақ ЖББОМ 11″А» сынып оқушысы.

Related posts

Фаиг Бабанлы: Охотник должен обладать сильным предчувствием и энергией

ttjk

«ITeachMe». Инклюзивность и IT

ttjk

Ең басты мақсатым – адам болу

ttjk