МАҚСАТЫМ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Халықты жарықпен қамтамасыз ету – аса маңызды да қиындығы көп жұмыс. Бүгін біз Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық электр энергиясымен жабдықтау бөлімшесінің бастығы Болатов Талап Болатұлынан сұхбаттасқан едік.

– Талап Болатұлы, мамандығыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіз?

– Менің негізгі оқу кезінде таңдаған пәнім информатика, физика болатын, жоғары оқу орнында оқытушылық. Бірақ қазіргі жұмыс істеп жүрген салаға жақын. Не дегенмен мамандық таңдаудан қателеспедім деп ойлаймын. Қай жерде жүрсем де, мақсатым – халыққа қызмет ету.

– Сізді Ақтөбеге, облыс орталығына жұмысқа шақырған деп естідік. Сіз неге ол ұсынысты қабыл алмадыңыз ?

– Иә,шақырды. Әрбір адамға өз топырағы, кіндік қаны тамған жері ыстық. Өсіп-өркендеу, Туған жеріме еңбегімді сіңіру басты мақсатым болатын. Барғым келмеді, ауылымды тастап қалай кетемін?! Бір жағынан облыстық округтеде жұмыс істеу қиынырақ. Басқа орынға кете алмадым. Өзіме осы жұмыс жақынырақ болып кетті.

– Сіздің осы жетістікке жетуіңізге не көмектесті ?
– Біріншіден мен қазіргі қызметіме оңайлықпен жеткен жоқпын. Өмір жолымда кездескен талай қиындық пен кедергілерді жеңуге шыдамдылық пен төзімділік қажет болды. Еңбекқорлық пен ақыл да қажет адамға. Жетістік пен табысқа бастайтын қасиеттер – осылар.

– Әңгімеңізге көп рахмет!

Әңгімелескен Болат Диана.

Related posts

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛАҒАТТЫ ІС

ttjk

Фаиг Бабанлы: Охотник должен обладать сильным предчувствием и энергией

ttjk

«ITeachMe». Инклюзивность и IT

ttjk