«Айтыс – поэзия жанрларының ішіндегі ең қиыны, күрделісі»

Айтыс өнері түрік, қырғыз, қызық елдерінде ерекше дамыған. Біздің қанымызбен жаралып, рухымызбен таралған дәстүрлі өнер. «Айтыс – сөз барымтасы» деп М.Әуезов айтқандай, айтыс – қазақ халқының әдеби мол мұраларының бірі.  Дәстурлі енерімізді дамытып облыстык, бірнеше републикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы болған арқалы ақындарымыздың бірі – Өтепбаев Тоба Монтайұлымен әңгімелескен едік.
– Тоба Монтайұлы, өткенді еске түсіріп, алғашқы айтысқа қай жылы келдіңіз? Кімдермен айтыстыңыз?
– Алғашқы айтысқа мектеп қабырғасында жүрген кезімде, ұмытпасам 7-сыныпта мектепшілік оқушылар айтысына қатыстым. Ең алғашқы қарсыласым қазіргі Қазақстанға белгілі Тобыл-Торғай өңірінің танымал әншісі Шахаризат Сейдахметов болды.
– Cіз – елімізге танымал ақын Айбек Калиев баптаған шәкірттерінің бiрiсiз, болашақта өзіңіз шәкірт тәрбиелеу ойыңызда барма?
– Иә, мен – Айбек Калиев ағамыздың шәкіртімін. Ол кісіден тек мен емес мен қатарлы қаншама жастар тәлім тәрбие, бағыт-бағдар алып келеміз.
Дәл қазір шәкірт тәрбиелемесем де, аға буын ретінде бірге жүрген інілеріммен ақылдасып, бір бірімізден кеңес алып, бір бірімізді толықтырып жүрміз. Болашақта айтыс үйірмесін ашып, шәкірттер тәрбиеленіп келеді.
– Қазіргі таңдағы Қостанай өңірінде айтыстың даму деңгейі қандай?
– Тобыл-Торғай өңірінде айтыс ақындарының әуелден қалыптасқан өзіңдік ортасы бар.Әрісі Торғай ақындық мектебінен бастау алған дәстүр үзілген жоқ. Ал қазіргі деңгейі жайлы айтар болсақ Сонғы 3 жылдай болды дәстүрлі түрде Жүрсін ағамыздың айтысы облысымызда дәстүрлі түрде өтіп келе жатыр. Бұл біздің облыстың ақындарына үлкен тәжірибе. Егер жыл сайын дәстүрлі түрде өте беретін болса біздің облыстың ақындары бұданда жоғары деңгейге көтеріліп үлкен айтыстан тәжірибе жинақтап шындала түседі деп ойлаймын. Мысалы, Батырлан Сағынтаев бұл үлкен айтыстарда да топқа түсіп, көпшілікке танылып қалған ақын, сонымен қатар Айбар Рагат, Жауынбай Жылқыбай , Еламан Тұрсын, Ернұр Әуезхан, Дәня Сәтбекқызы, Серікболсын Әбікен сынды тамаша ақындар жетерлік. Осы ақындарымыз әлі де шындалып айтыс өнерінің дамуына келешекте үлес қосатын буын деп білемін.

– Тоба мырза, уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге көп рахмет!

Әңгімелескен Ислам Бексұлу. А.Байтұрсынов атындағы
ҚМУ Журналистика факультетінің 1-курс студенті.

Related posts

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ-2019

Назия Жоямергенқызы

МАҚСАТЫМ – ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТУ

ttjk

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

ttjk