«ХАЛЫҚ» ХАЛЫҚҚА КӨМЕКТЕСТІ

«Халық банкі» АҚ-ның «Халық» қайырымдылық қоры Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 50 тоннадан астам көлемде гуманитарлық көмек жолдады.

Қазақстанның оңтүстік аймағында болған апаттан тұрғындар мен олардың үй-жайы, мал-мүлкі зиян шеккені белігі.

«Халық» қайырымдылық қоры қашанда қиын жағдайға тап болған адамдарға дер кезінде көмек көрсетіп отырады. Оңтүстіктегі ағайынның қиын жағдайға тап болуына байланысты тез арада шешім қабылданып, Қордың атынан Мақтаарал ауданында апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік жолданды.

Азық-түлік жиынтығында күнделікті тұтынатын қажетті тағамдар: күріш, ұн, макарон, май, шай, қант және тәттілер бар. Бүгінде гуманитарлық көмек ауданға жөнелтілді және олар тұрғындарға жергілікті әкімдіктер берген тізімге сәйкес, Halyk Bank қызметкерлері мен еріктілермен таратылады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірігіп әрекет жасау арқылы ғана қандай да болмасын қиындықты жеңіп шығуға болады.

«Халық банкі» АҚ баспасөз қызметі.

Related posts

АҢСАҒАН ФРАНЦУЗДАРДЫ ТАҢ ҚАЛДЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы

How To Have The Best Coffee While in Greece

ttjk

Стамбул вошел в число «50 лучших мест для путешествий в 2024 году»

Назия Жоямергенқызы