Астанада екі қабатты ғимарат өртеніп жатыр

Астанада екі қабатты ғимараттың шатыры өртенді. Қала тұрғындары оқиғаны видеоға түсіріп алған.

Оқырмандар редакцияға Астанадағы өрттің суреттері мен видеосын жолдады. Кадрлардан оң жағалау жақтан шығып жатқан қою қара түтінді көруге болады.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, Алматы ауданындағы Қосалқа көшесінің бойында екі қабатты ғимараттың шатыры өртенген.

пожар в АстанеОқырмандар суреті

«Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттың шатыры толықтай жалынға оранған. Ашық жану байқалып, өрт өрши түскен. Су үздіксіз беріліп жатыр. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпаны жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды», — делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары жанғыш материалдардың көптігі мен қою түтін салдарынан қиындап отыр.

112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Астана пожарОқырмандар суреті

Кеше Астананың Сарыарқа ауданында да екі қабатты ғимарат өртенген болатын. Тілсіз жау жоғары дәреже бойынша сөндірілді.

Tengrinews.kz

Related posts

«ЕРКІН СӨЗ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ttjk

САЙЛАУ-2016: Түркітілдес елдердің өкілдері келді

Назия Жоямергенқызы

Ербол Хамитов Әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Назия Жоямергенқызы