Қорғаныс министрі қызметінен босатылды

2026 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

2026 ж. 24 қыркүйегінде Каспий теңізіндегі «Хазар Қорғаны – 2026» әскери оқу-жаттығуы кезінде ауа райының қолайсыздығы мен қатты дауыл салдарынан 17 әскери қызметші ашық теңізге ағып кетіп, оның 14-і қаза тапты.
Оқиға бойынша қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу ережелерін бұзу баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Қарулы Күштердің жоғары және аға командалық құрамынан 5 лауазымды тұлға ұсталды. Президенттің өкімімен Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне байланысты кешенді тексеріс тағайындалды.

Related posts

Бүгін Астанадағы LRT желісі электр қуатына қосылады

Назия Жоямергенқызы

Белсенді дауыс беру мен мерекелік көңіл күй: алматылықтар Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр

Ертең елімізде дабыл жүйесі қосылады

editor