Каспийдегі трагедия: әлем көшбасшылары қазақ еліне көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінде өткен оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлайды Aqorda.

Шетелдік көшбасшылар жеделхаттарында осы ауыр кезеңде Қазақстан халқына қолдау білдіріп, қаза болған азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

Көңіл айту хаттарын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Сербия Президенті Александр Вучич, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы әрі Вьетнам Президенті То Лам, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Татарстан Раисы Рустам Минниханов және бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары жолдады.

Қазақстан Президенті халықаралық қауымдастық тарапынан көрсетілген қолдау мен білдірілген көңіл айту сөздеріне ризашылығын жеткізді.

Related posts

Екі ел арасында сенімді әрі жүйелі ынтымақтастық орнаған

editor

АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕРДІ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Назия Жоямергенқызы

Cruise Gemisinde Yaşamaya Karar Verdi

Назия Жоямергенқызы