«Халық-Life» АҚ компаниясы 2021 жылғы 3 тоқсанның қорытындысын жариялады

2021 жылғы 27 қазан, Алматы қаласы«Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша еншілес компаниясы» АҚ 2021 жылғы 9 айдағы жұмыс қорытындысын жариялады.

2021 жылдың 3-ші тоқсанның қорытындысы бойынша «Халық-Life» АҚ сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 92,8 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 88% – ға ұлғайды. Компанияның 01.10.2021 жылғы нарық үлесі 33,6% – ды құрады. Осы кезеңде клиенттерге сақтандыру төлемдері де өсті, тек 9 айдың ішінде 8,2 млрд теңгеден астам төлем жүргізілді, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 16% – ға артты.

Дәл осы сәтте Компания Қазақстанда өмірді сақтандыру нарығының бүкіл тарихында алғаш рет жыл басынан бері 100 млрд теңге көлемінде сақтандыру сыйлықақыларының рекордтық көлемін жинады.

Жалпы, 01.10.2021 ж. жағдай бойынша, Компания Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру компаниялары арасында келесі көрсеткіштер бойынша көшбасшы орындарға ие:

Көлемі бойынша 1-ші орын:

жиналған сақтандыру сыйлықақылары бойынша (92,8 млрд теңге, нарық үлесі -34% құрады, бұл көрсеткіш2020 жылмен салыстырғанда 88%-ға немесе 43,4 млрд теңгеге өсті);
меншікті капитал (44,5 млрд теңге, нарық үлесі –32%құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 25%-ға немесе 9,0 млрд теңгеге өсті );
жүзеге асырылған сақтандыру төлемдері (8,2 млрд теңге, нарық үлесі – 37% құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 16%-ға немесе 1,2 млрд теңгеге өсті).

Көлемі бойынша 2-ші орын:

таза пайда (6,8 млрд теңге, нарық үлесі – 21% );
активтер (217 млрд теңге, нарық үлесі –  31%, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 15%-ға немесе 28 млрд теңгеге өсті);
сақтандыру резервтері (164 млрд теңге, нарық үлесі 32%, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 15%-ға немесе 22 млрд теңгеге өсті).

«9 айдың жұмыс нәтижелері кезекті рет Компаниямыздың оң даму динамикасын, сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ ұсынылатын сақтандыру өнімдеріне қажеттілікті айқындады. 2020 жыл ел тұрғындарына шұғыл жағдайлар туындаған жағдайда сақтандыру арқылы қорғаныс түріндегі «қауіпсіздіккөпшігінің» маңыздылығын көрсетті. Осыған байланысты компанияның алдағы жылдарға арналған стратегиясы өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдерін кеңейту түрінде ұзақ мерзімді қорғау бағдарламаларын іске асыруға жәнедамытуға бағытталатын болады. Осы өнімдер қаржылық қорғанысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және болашақта қосымша сенімділік береді, ал шарт мерзімі аяқталған сәтте біздің клиенттеріміз үшін қаржылық жинақтардың қалыптасуына кепілдік береді. Тәжірибе көрсеткендей, біздің Компания ұсынатын ыңғайлы сервистер мен бағдарламалардың арқасында клиенттер мұндай жинақтарды ең маңызды өмірлік жоспарларды іске асыруға: меншікті капиталды көбейтуге, баланың білім алуына немесе өз балаларының жинақтарын мұраға қалдыру үшін негіз жасауға бағыттайды. Сонымен қатар, жинақтаудың бұл түрі девальвация тәуекелдерінен және валюта бағамының ауытқуынан сенімді қорғалған», – деп атап өтті Басқарма Төрайымы Жұбаниязова Ж. А.

Компания 2020 жылы нарыққа өмірді жинақтаушы сақтандырудың ең табысты өнімдерінің бірін «Халық-Қазына»валютада 3,52% – ға дейін шығарғанын естеріңізге саламыз. Жыл басынан бері бұл бағдарлама Компанияға 13,8 млрд теңгеден астам сомаға сақтандыру сыйлықақыларын тартуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы Компания өз клиенттеріне компания сайтында 5 минут ішінде онлайн сатып алуға болатын «COVID-19» және «Life-Персона» өмірді сақтандыру бойынша өнімдерді ұсынды. «Life-Персона» сақтандыру бағдарламасының негізгі артықшылығы сақтандыру мерзіміаяқталғаннан кейін қандай жағдай болмасын клиенттіңсақтандыру жарналары қайтарылады.

Ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «Халық-Life» компаниясы қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу мақсатында онлайн сервисті іске қосты. Енді қызметкерлерінің саны аз жеке кәсіпкерлермен заңды тұлғалар да бір-екі қимылмен, офистен шықпай-ақ өз қызметкерлерін жедел сақтандыра алады.

«Біз сақтандыру сервисін жетілдіру және әлеуетті клиенттерімізге барынша қолайлы жағдай жасау үшін ұсынылатын қызметтердің түрін кеңейту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Енді жұмыс берушілерге компания менеджеріне қоңырау шалудың, жалпы күту үшін уақыт жұмсаудың және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) бойынша шарт жасасу үшін кеңсеге келудің қажеті жоқ. Оларға электронды сандыққолтаңбаның болуы (ЭСҚ) және бірнеше минут ішінде компанияның сайты арқылы барлық қажетті қадамдарданөтудің өзі жеткілікті. Біз бұл қызметті шағын бизнес басшылары арасында жоғары сұранысқа ие болады деп үміттенеміз», – деді Басқарма төрағасының орынбасары Джексембаев А.З.

Сондай-ақ осы жылдың басында Халык-Life клиенттерге барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін нарықта бірінші болып IOS және Android негізіндегі мобильді қосымшаны шығарды. Бірегей мобильдік сервистің арқасында компанияның клиенттері әлемнің кез келген нүктесінен 24/7 режимінде өз сақтандыру шарттарының жағдайын қадағалап, жарналарды төлей алады, компания қызметі туралы жаңалықтар алып, басқа да  қызметтерді орындай алады.

«Халық-Life» АҚ АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен қаржылық тұрақтылықтың «B+» деңгейіндегі рейтингісіне, сондай – ақ өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасындағы «bbb деңгейіндегіең жоғарғы кредиттік рейтингке ие. Компания биыл, сондай-ақ World Economic Magazine беделді халықаралық басылымымен аталып өтілді және World Economic Magazine Awards 2021 жыл сайынғы сыйлығының Best Life Insurance Company Kazakhstan 2021 («Қазақстанның өмірді сақтандыру бойынша үздік компаниясы 2021») номинациясының жеңімпазы болды.

Анықтама үшін: «Халық-Life» АҚ «Халық-Life» өмірді сақтандыру бойынша Қазақстан Халық Банкінің еншілес компаниясы» АҚ 2005 жылы құрылған. Компанияның меншікті капиталы 44,5 млрд теңгені құрайды. Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингісі «B+» деңгейінде және кредиттік рейтингісі «bbb-» деңгейінде, өмірді сақтандыру бойынша барлық қазақстандық компаниялар арасында, АМ Best халықаралық рейтингтік агенттігінен ең жоғары болып табылады. «Халық-Life» АҚ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ қатысушысы болып табылады. Оның жалғыз акционері Қазақстанның ең ірі банкі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына Лицензиясы 2006 жылы берілді. Лицензия компанияның бас кеңсесінің мекенжайының өзгеруіне байланысты 04.11.2016 жылы №2.2.41 жаңартылды.

Related posts

ЛЬГОТНЫЕ КРЕДИТЫ ДЛЯ МОЛОДЫХ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ

ttjk

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРҒА БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

ttjk

FlyArystan: Таразға арзан билет бар

Назия Жоямергенқызы