Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтардың, тәлім-тәрбиенің және рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі. Олар халқымыздың өмір салтын, дүниетанымын, адамгершілік қағидаларын және қоғамдық қарым-қатынасын айқындайды. Қазақтың әрбір салтында тереңтәрбиелік мән бар. Сондықтан халқымыз «Дәстүрдің озығыбар, тозығы бар» деп, заманға сай озық дәстүрлерді сақтап, ұрпақ тәрбиесіне пайдаланған.
Қазақтың салт-дәстүрлері адамның өмірге келгенкүнінен бастап өмірден өткенге дейінгі барлық кезеңдіқамтиды. Нәрестеге қатысты шілдехана, ат қою, бесіккесалу, қырқынан шығару, тұсау кесу, сүндет той дәстүрлеріорындалса, отбасын құруға байланысты құда түсу, сырғасалу, қыз ұзату, беташар, келін түсіру, тойбастар рәсімдеріқалыптасқан. Сонымен қатар халықарасында асар, ерулік, жылу жинау, сауын айту, бата беру, шашу шашу, сарқыт беру, тәбәрік беру, сәлемсалу, көңіл айту, естірту, жоқтау, жетісі, қырқы, асы сияқтыкөптеген әдет-ғұрыптар кеңінен таралған.
Қазақ қоғамында құқықтық және моральдықнормаларды реттеген дәстүрлер де болған. Мәселен, жетіатаға дейін қыз алыспау – ұлт саулығын сақтауғабағытталған ерекше қағида. Ал енші беру, төрелікайту, билер соты, ант беру сияқты дәстүрлер қоғамдағыәділдік пен жауапкершілікті нығайтқан.
Бүгінде ұлттық мұраны сақтау мен дәріптеу Алматы қаласында да белсенді жүргізілуде. Алматы – еліміздіңмәдени орталығы ретінде қазақтың салт-дәстүріннасихаттайтын маңызды қала. Мұнда жыл сайын Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп, киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылады, тұсау кесу, беташар, бесіккесалу сияқты дәстүрлер көпшілікке көрсетіледі. Соныменқатар ұлттық спорт түрлері – қазақкүресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту жарыстарыұйымдастырылады.
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музей, Ықыласатындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Ә. Қастееватындағы Мемлекеттік өнер музейі және Алатау дәстүрліөнер театры ұлттық мұраны дәріптеуге үлкен үлес қосыпкеледі. Қаладағы мектептер мен жоғары оқу орындарындаұлттық тәрбиеге арналған ашық сабақтар, этнофестивальдер, қолөнер көрмелері, ұлттық киімдершеруі және шеберлік сағаттары тұрақты өткізіледі.
Соңғы жылдары Алматыда ұлттық құндылықтардыжастар арасында кеңінен насихаттауға ерекше көңілбөлінуде. Қалалық мәдениет мекемелері мен қоғамдықұйымдар ұлттық ойындар фестивалін, қолөнершілержәрмеңкесін, домбыра күніне арналған концерттерді жәнеэтноауыл жобаларын ұйымдастырып келеді. Бұл шараларжастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығынарттырып, дәстүрдің өміршеңдігін көрсетеді.
Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы – өткенніңмұрасы ғана емес, бүгінгі қоғамды тәрбиелейтін руханиқұндылық. Ұлттық мәдениетті сақтау, оны заман талабынасай дамыту және кейінгі ұрпаққа жеткізу – баршамыздыңортақ міндетіміз. Алматы сияқты ірі мәдени орталықтардажүзеге асырылып жатқан ұлттық жобалар мен мәдени іс-шаралар осы игі мақсатқа қызмет етіп, халқымыздың бай мұрасын келешек ұрпаққа аманат етуге мүмкіндік береді.
