Діни некенің заңды күші жоқ

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында діни неке мен заңды некенің айырмашылығын айтты.

«Өздеріңіздің тараптарыңыздан жиі қойылатын тағы бір сауал — діни неке мәселесі. Конституцияның 1-бабына сәйкес, Қазақстан  өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде бекітеді және оның ең жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені белгілі», -дейді Талғат Уәли. Оның айтуынша, кодекстің 2-бабына сәйкес тек арнайы уәкілетті органдарда тіркеуден өткен неке ғана заңды деп танылады.

«Діни рәсімдер бойынша жасалған некенің ел аумағында заңды күші жоқ. Сәйкесінше мұндай неке құқықтық реттеу тетіктерімен қорғалмайды. «Сожительство», яғни ері мен әйелдің заңды некеде тұрмастан бірге өмір сүруі де неке ретінде танылмайды. Заңды неке құзыретті мемлекеттік органда ресми тіркелуге тиіс», деді ол.

Related posts

2028 жылдан бастап Қазақстанда тағы бір “донор” өңір қалыптасады – Мәжіліс депутаты

Назия Жоямергенқызы

Нобель сыйлығы лауреаттарының есімі Стокгольм мен Ослода жарияланады

editor

Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирін ірі жеңіспен бастады

Назия Жоямергенқызы