МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және ӘнұранҚазақстанныңтәуелсіздігі мен егемендігін танытатын басты құндылықтар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу тек мереке күндеріөткізілетін салтанатты шаралармен шектелмеуі керек. Оларға ұқыпты қарау, мән-мағынасын жас ұрпаққатүсіндіру, қоғамда дұрыс пайдалану мәдениетінқалыптастыруазаматтық жауапкершіліктің маңыздыбөлігі.

Қазақстанда мемлекеттік рәміздердің мәртебесі мен олардыпайдалану тәртібі ең алдымен «Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы№258 Конституциялық заңмен белгіленген. Заңныңқолданыстағы редакциясына 2026 жылы да өзгерістеренгізіліп, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңартылғаннормалар күшіне енді. Заңға сәйкес ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Туы, МемлекеттікЕлтаңбасы және Мемлекеттік Гимні еліміздің мемлекеттікрәміздері болып табылады. Ал 4 маусым ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік рәміздер күні ретіндеаталып өтеді.

2026 жылы талаптар жаңартылды

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу оларды дұрыс пайдаланумен күтіп ұстаудан да көрінеді. 2026 жылы Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің бастамасымен Мемлекеттік Туды, Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақМемлекеттік Гимн мәтінін пайдалану, орнату жәнеорналастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл шара мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіруге жәнеоларға деген құрметті күшейтуге бағытталған. Осы талаптармемлекеттік мекемелермен ғана шектелмейді. Рәміздердіқоғамдық кеңістікте, түрлі іс-шараларда, ақпараттықматериалдарда пайдаланғанда олардың белгіленген үлгісінбұрмаламау маңызды.

Сонымен қатар ескірген, бүлінген немесе ұлттықстандарттарға сәйкес келмейтін Ту мен Елтаңбаны әрі қарайпайдалана беруге болмайды. Арнайы қағидаларға сәйкесмемлекеттік органдар мен ұйымдардағы стандартқа сәйкескелмейтін рәміздерді ауыстыру тұрақты жұмыс істейтінкомиссиялар арқылы жүзеге асырылады. Сәйкессіздіканықталған жағдайда Ту немесе Елтаңба бір жұмыс күніішінде ауыстырылуы тиіс. Оларды жоюдың да арнайытәртібі қарастырылған.

Демек, мемлекеттік рәміздерге қамқорлықолардыңтазалығын, бүтіндігін, түсінің оңбауын және белгіленгенстандартқа сәйкестігін үнемі бақылау деген сөз.

Алматыдағы патриоттық шаралар

Алматыда мемлекеттік рәміздерге құрметті қалыптастырубағытындағы жұмыстар 2026 жылы да жалғасты. 4 маусымда «Медеу» биік таулы спорт кешенінде ҚазақстанРеспубликасының Мемлекеттік Туын салтанатты көтерурәсімі ұйымдастырылды. Оған қала әкімі, мәслихатдепутаттары, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамбелсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Жалпы іс-шараға 1,5 мыңнан астам адам жиналды. Мұндайшаралардың тәрбиелік мәні ерекше. Мемлекеттік Тудыңкөтерілуі мен Әнұранның орындалуын мыңдаған адамныңбірге тамашалауы рәміздерді ресми атрибут ретінде ғанаемес, халықты біріктіретін ортақ құндылық ретіндеқабылдауға мүмкіндік береді.

Алматыда рәміздерге құрметті насихаттаудың концерт, конференция, көрме, жастар акциялары сияқты түрліформаттары да қолданылып келеді. Мұндай жұмыстардыбір күндік мерекелік науқан емес, жыл бойғы патриоттықтәрбие жүйесіне айналдырылған.

Мемлекеттік рәмізге құрмет тек мемлекеттік мекемелердіңміндеті емес. Туды көргенде оның ел тәуелсіздігінің белгісіекенін балаға түсіндіру, Әнұран орындалғанда құрметкөрсету, мемлекеттік рәміздерді орынсыз әрі бұрмаланғантүрде пайдаланбауқарапайым көрінгенімен, патриоттықмәдениетті қалыптастыратын әрекеттер.

Алматы – жастары көп, түрлі этнос өкілдері бірге өмірсүретін ірі мегаполис. Сондықтан мемлекеттік рәміздерқаланың миллиондаған тұрғынын ортақ құндылықтөңірегіне біріктіретін маңызды фактордың бірі болуы тиіс.

 

Related posts

Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады

editor

«ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ»

ttjk

ШЕКАРА СЫРТЫНДА ҚАЗАҚША ҮЙРЕТЕДІ

ttjk