Астанада «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атты зияткерлік-шығармашылық сайыс өтті

Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейде «Алаш мұрасы – ұрпаққа аманат» атауымен оқушылар арасында қалалық зияткерлік-шығармашылық сайысы өтті. Аталмыш іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Қарашаңырақ» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шәкәрім Құдайбердіұлының 165, Халел Досмұхамедұлының 140, Мағжан Жұмабайұлының 130 және Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдықтарына арналған сайыстың мақсаты – қазақ елінің азаттығы мен еркіндігі жолында күрескен, ұлтын шексіз сүйіп, мол мұра қалдырған Алаш қайраткерлерінің ағартушылық бағыттағы мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ана тілін, ұлт құндылықтарын тәрбиелеу.
Елорданың 18 мектебі қатысқан сайыста «Ұлтқа қызмет – әр қазақ баласына міндет» атты сахналық қойылым көрсетілді.
«Алаш арыстарына хат» деп аталатын екінші кезеңде монолог оқылды. Оқушылар жоғарыда аттары аталған биылғы мерейтой иелеріне арналған хаттарында тәуелсіз елдің бүгінгі ұрпағы ретінде болашаққа қатысты өз ұстанымы мен ұсынысын жеткізуге тырысты.
Сайыс қорындысында Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-гимназия топ жарып, бас жүлдені қанжығасына байлады. Бірінші орынды Ы.Алтынсарин атындағы BINOM мектеп-лицейі, екінші орынды А.Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектеп-лицейі мен І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия, үшінші орынды №38 мектеп-лицей, №2 «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей және №8 мектеп-лицей өзара бөлісті. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия «Көрермен көзайымы» сыйлығын иеленді.
Қазылар алқасының төрағасы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгер оқушыларға алғысын жеткізіп, бұл іс-шараның еліміздің маңызды мерекесі – Республика күні қарсаңында өтуінде символикалық мән бар екенін айтып өтті.

Related posts

Türkiye’s capital city, Ankara, has many hidden treasures to explore

ttjk

Travel Guide to The Best Creta Maris Beach Resorts

ttjk

В университете Аль-Фараби прошла III Международная Зимняя PR-школа

ttjk