АСТАНАЛЫҚТАРДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДАН САҚТАНДЫРАДЫ

Бүкіл әлем бойынша қаржылық алаяқтық күн тәртібіне шықты. Адамдардың жеңе мәліметтерін пайдалана отырып, тонауды, алдап-арбауды мақсат ететін алаяқтар қармағына ересектермен бірге балаларды да жиі түсіреді. Қазақ қоғамындағы қаржылық сауаттың төмендігі, азаматтардың сенгіштігі, ресми органдар мен құзырлы органдар атынан түсетін кез келген қоңырауға шынайы жауап беріп, айтқандарын қалтқысыз орындауымен қатар қаржылық алаяқтардың үздіксіз алдау тәсілдерін өзгертіп, жаңалап отыруы жағдайды күрделендіре береді. Алайда, заманауи ақпараттық технологиялар мен адам психолоиясын шебер меңгерген алақтарға жем болмау үшін өзін өзі сақтандырудың қарапайым шарттарын орындасаңыз жетеді.
Өкініщке қарай, Интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтыққа қатысты қылмыстарды анықтау өте қиын. Астана қବла¬сы ПД Криминалдық полиция бас¬қар-масының бастығы, полиция по묬ковнигі Дастан Қалиевтің мәлімдеуінше, Астана қаласында 2023 жылы ақ¬параттық технологиялардың көмегімен жасалған 3 700-ден астам қылмыстық құқық¬бұзу¬шы¬лық тіркеліпті. Жұмыс барысында құзырлы органдар тарапынан 690 іс ашылып, астаналықтарға келген қаржылық зиян 2 млрд 600 млн теңгеден асқан. Адамдарды арбау арқылы оңай олжа табуды көздейтіндерде қанағат жоқ. Мәселен, «Ама-нат Хоумға» қатысты «қаржы пи¬рамидасын құру және оған бас¬шылық ету» бабы бойынша қыл¬мыс¬тық іс тіркеліп, Астана қаласының Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылған. Соңғы кездері заманауи технология¬лар¬ды енгізу және тұрақты жүргізі¬ле¬тін жедел-профилактикалық іс-шаралар есебінен бірлескен күш-жігердің арқасында ұрлық, тонау, қарақшылық сияқ¬ты қылмыс түрлері азайған. Есесіне, заманауи ақпараттық технология¬лар¬дың көмегімен жасалатын қаржылық алаяқтық арта түскен. Осы орайда, Дастан Ғабдурахимұлы: «Кибершабуылдаушылардың құрбаны болғандардың барлығы бірдей құқық қор¬ғау органдарына жүгінбейді. Сон¬дық¬тан нақты сандар статисти¬кадан едә¬уір көп болуы да мүмкін», – дей¬ді
Негізінен қаржылық алаяқтардың арбауына оңай түсетіндер: оңай ақша табуды көздейтіндер. Қаржылық пирамидаларға өздерін ғана емес, туған-туыс, әріптес, таныстарды түгел қрбандыққа байқамай шалып жіберетіндер де – солар. Ашкөздік соңы опық жегізері анық. Заң бұзушылықтың алдын алу әрі Астана тұрғындарын сақтандыру мақсатында жасалып жатқан іс-шаралар туралы Дастан Қалиев: «Астана қаласының әкімдігімен бірге әртүрлі ақ¬параттық түсіндіру шараларын өт¬кі¬зуді қолға алдық. Орта жә-не жоғары білім беру мекеме¬лері¬нің мектеп оқушыларына, коммерциялық және коммерция¬лық емес ұйымдардың қызметкер¬леріне «Алаяқтардың айла-амалдары¬на қалай түспеуге болады? Өз жинағыңды алаяқтардан қалай қорғау керек?» деген тақырыпта дәрістер ұйымдастырамыз. Тұрғындар жиі шоғырланатын қоғамдық орын¬дарда еріктілер қозғалыстары¬мен бірлесіп ақпараттық-про¬филактикалық сипаттағы буклет¬тер таратылады, көшелерде трବ¬фа¬реттерді пайдалана отырып ескерту жазулары жазылады, сауда-ойын-сауық орталықтарында және қала ба¬зарларында аудио және бейне¬ро¬ликтер таратылады. Себебі қазір¬гід¬ей интернет пен қаржы алақтығы кең таралған тұста кез келген адам қы¬рағы және сақ болуы маңызды. Ин¬тернеттегі алаяқтық туралы ха¬бардар болу қылмыстық шабуыл¬дар¬дың алдын алуға және өзіңізді ға¬на емес, жақындарыңызды да қауіп¬тен қорғауға көмектеседі», – дейді.
Нәзия Жоямергенқызы.

Сурет: India Tv

Related posts

Шымбұлақта 2022-2023 тау шаңғысы маусымы ашылды

ttjk

Сетевой план города Приены

ttjk

Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы мәресіне жетті

ttjk