МЕН — КІММІН?

Мен… ешкімге ұқсамайтын, өзіндік әлемі бар ЖЕКЕ ТҰЛҒАМЫН. Ерекше көзқарасты, әдемі күлкісімен, жан дүниесі ерекше жанмын.
Ел мен жер, өмір мен болашақ туралы ойланбайтын адам бар ма? Мынау жұмыр жерді мекен етіп жүрген әрбір жан бақытты ғұмыр,нұрлы болашақты аңсайды.
Мен өзім болашақта қиын да қызықты сала — ЖУРНАЛИСТИКАНЫ таңдап, сол сала бойынша білікті маман атанғым келеді. Бұл мамандық өзіме ыстық, әрі жақын сезіледі. Осы салада жүрген, қайнап-пісіп, жетілген жандарды көргенде, солар секілді болғым келіп кетеді. Сол кісілермен жүрген жолмен жүріп,қиындығына төзіп,жігерімді жасымай,рухтанып,әйтеуір бір күні солар секілді болатынымды іштей сеземін.
Мүмкін, мен де бір күні жұлдыздай жарқ етіп, биіктен көрінетін шығармын… Кім білсін?! Әжем айтып отыратын еді: «Мақсаты жоқ кемеге жел де көмектесе алмайды», — деп. Осы сөз сол күннен бері құлағымда жатталып, жүрегімде сақталып қалды. Өмір қиындық пен қуаныштан тұрады.Сол қиындықты жеңіп барып, қуанышқа, яғни, жеңіске табан тіреуің керек!
Қабылдаған дұрыс шешімдерім-менің өмірлік ұстанымым.Барлық күш-жігерімді осы өзім қалаған мамандығыма арнасам,мен өмірде өз орнымды табамын деп ойлаймын. Кез келген еңбек ардагеріне қарасақ,барлық өмірін өзінің қалаған еңбегіне арнаған. Тіпті зейнеткер болса да өз еңбектерін жалғастыруда. Біз Тасқалада тұрғанда әкем бір атамен танысты. Қайреден Жұмашев ата. Әлі күнге дейін шығармашылықтан қол үзбеген. Өлеңдер, әңгімелер жазады. Көптеген кітаптары жарыққа шықты. «Шұғыла-Принт», «Таңданбаңыз» т.б.
Менде демалыста болғаныма қарамастан Түркітілдес жураналисттер қорының президенті Назия Жоямергенқызының, Қазақстан телеканалының жүргізушісі Баян Бақкелдінің, «Білім — трендте» жобасының жетекшісі Ақтолқын Назарбайқызының түрлі журналистика курстарына, марафонына қатысып, өзімді дамыту үстіндемін. Бүгінгі күнде журналистиканың қыр-сырын толық білмесем де, бұл жолда аянбай еңбек етіп, өз ізімді қалдыру, білікті де білімді мамандардың қатарында болу — үлкен арман. Қазақстанға белгілі журналист атанып, аяулы ата-анам мені мақтан тұтса, бұдан артық қандай бақыт керек?!
Алтынай Тажмухан,
БҚО,Орал қаласы,
Д.Қонаев атындағы №44мектеп-гимназисы.

Related posts

Атажұрттан — Анадолыға

ttjk

ӘРБІР ТАСЫ СЫР ШЕРТКЕН ЫСТАМБҰЛ

ttjk

Назерке Серікболқызы: Мақсатым — халыққа қызмет ету

ttjk