НАУРЫЗҒА АРНАЛҒАН ИНТЕРАКТИВТІК КОНЦЕРТ ӨТЕДІ

2024 жылдың 21-22 наурызында елорданың бес ауданындағы тұрғын алаңдарында интерактивтермен өтетін концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, Наурыз мерекесі аясында елордада 200-ге жуық іс-шара өтіп жатыр. Қала тұрғындары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт жарыстарына, халықтық мерекелерге және т.б. қатыса алады.

21-22 наурыз күндері 5 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың қатысуымен концерттік бағдарламалар әзірленіп отыр. Сонымен қатар, спорттық ойындар мен арнайы тақырыптарға негізделген фотоаймақтар ұйымдастырылады.

Байқоңыр ауданы бойынша ашық аспан астындағы іс-шаралар мына орындарда өтеді:

– 21 наурыз күні сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Қазқалашықтағы №55 мектеп аумағында;
– 21 наурыз күні сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін Жезкиік көшесі, 19 мекенжайындағы орталық алаңда;
– 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Қоянды саяжай алабында, Кеншілер көшесі, 5 мекенжайындағы орталық алаңда;
– 22 наурыз күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін Өндіріс тұрғын алабында, Ақбидай көшесі, 6;
– 22 наурыз күні сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Кирпичный тұрғын алабында, Жолымбет пен Чехоев көшелерінің қиылысындағы орталық алаңда.

Есіл ауданы бойынша мерекелік бағдарлама Сағат 12.00-ден 14.00-ге дейін Пригородный тұрғын алабындағы Арнасай көшесі, 127 мекенжайында орналасқан N24 орта мектебінде өтеді.

Қонақтар арасында арқан тарту, асық ату, қол күрес, гір көтеру секілді ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Нұра ауданында концерт 21 наурызда Үркер тұрғын алабындағы Айғыржал көшесінде орналасқан гүлзарда өтеді.

Сарыарқа ауданы бойынша мына орындар белгіленді:

– 21-22 наурыз – Көктал саябағы, С.Бейбарыс көшесі;
– 22 наурыз – Қорғалжын саябағы, Құсмұрын көшесі, 2;
– 22 наурыз – Оқжетпес сквері, Оқжетпес-Герцен көшелерінің қиылысы.
Алматы ауданы бойынша:
– 21 наурыз – Интернациональный тұрғын алабы;
– 21 наурыз – Мичурино тұрғын алабы;
– 21 наурыз – Железнодорожный тұрғын алабы;
– 21 наурыз – Өнеркәсіп тұрғын алабы;
– 21 наурыз – Күйгенжар тұрғын алабы.

Related posts

МӘРМӘР ТЕҢІЗІНІҢ МАРЖАНЫ – БҰРСА ҚАЛАСЫ

ttjk

VІІІ «КЕЛЕШЕКПЕН БАЙЛАНЫС МЕДИА КОНГРЕСІ»

Назия Жоямергенқызы

«ШЕВРОН»: СЕМИНАРЫ ДЛЯ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ

ttjk