MADE IN KAZAKHSTAN

Қазіргі таңда отандық өнімге сұраныс қаңдай? Біріңіз білсеніздер,бірініз естімеген шығарсыз. Бірақ жастар мен жасөспірімдер арасында отандық бренд сұранысқа тез ие болды. Мысалы, «Sabyrzhan Ayrin» ұсынған отандық киімдер ерекше,себебі жейделер қазақи стильде əрі «мотивациялық» сөздер жазылған əртүрлі киімдер тұтынушыны жігерлендіретіні сөзсіз. Авторы – Рустем Ермекбай.

Маған қатты ұнағаны: жейделерге Ұлы Абай, Шоқан, батыр атамыз Бауыржан Момышұлы т.б. бейнелері салынған. Осындай керемет киімді неге кимеске?! Бұны жалғыз мен емес,əр қазақ мақтанышпен киіп жүруге болады деп ойлаймын. Жəне қазақстандық бренд осыдан қалыптаспайма?!. Қазір дүкен сөрелерінде не көп,көздін жауын алатын əртүрлі киімдер жетерлік. Бірақта соның барлығы шетелдік өнімдер,жəне сол брендтерге жүгіретінде өзіміз. «Armani» , «Gucci» десе бірден таңырқап,сапасы жақсы деп қалатынымыз бар. Ал бұл аталмыш бренд ұсынған киімді біреуі сатып алса, кейбіреудің қалтасы көтермейді. Осындай кезде халыққа қол жетімді бағада, сапалы әрі өзімізден шыққан отандық өнімдер ауадай қажет болады. Меніңше, шетелдің киімін кигенше, өз еліміз ұсынған киімдерді алып, қолдау көрсетуіміз қажет. Одан бөлек 3 жыл ішінде сатылымға кең тараған отандық бренд – «Qazaq Rebulic» ұсынған киімдер топтамасы.

Бренд қалыптастырушысы- белгілі қазақстандық режиссер Сəкен Жолдас. Қазіргі кезде Қазақстанның 30 жерінде дүкендері бар жəне онлайн дүкенде өз жұмыс істеп жатыр. Олар киім-кешекпен қатар сөмке, бөтелке, бас киім т.б. қажетті заттар шығарады. Бұл қазіргі заманғы жастардың көңілінен шығып жүр. Егерде осындай, отандық өнімдеріміз көбейсе, халық шетелдік өнімді алмаушы еді. Меніңше, алдағы болашақта еліміз дамып, тек «отандық өнімдер» сатылымда болады деп айта аламын. Отандық өнімді тұтынсақ,оң нəтижесін көре аламыз!
Дайындаған: жас тілші Қайыпқали Арайгүл Ерланқызы. Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Аңқаты ауылы.

Related posts

#ITeachMe2.0 Хакатоны

Назия Жоямергенқызы

Сайлау Қасабеков: БОЛАШАҚ БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

Maintenance & Cleanroom Exhibitions

ttjk