«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыдаотбасы құндылықтарына арналған форум өтті

Алматы қаласында отбасы құндылықтары мен әке тәрбиесінің рөлін нығайтуға бағытталған«Тәрбие басы – әке қолында» атты қалалықфорум өтті. Іс-шара Алматы қаласы Ішкі саясатбасқармасының Қоғамдық даму орталығыжүзеге асырылып жатқан «Отбасыбақытмекенім» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Форумға қоғам қайраткерлері, сарапшылар, педагогтер,  жастар және қала тұрғындарықатысты. Іс-шараға Қазақстан Жазушылародағының мүшесі Саят Қамшыгер, «Идеал жігіт» кітабының авторы, сертификатталғанкоуч Ерлан Әбдірұлы, «Отбасы құпиясы» бағдарламасының авторы, «Отбасын қолдау»орталығының кеңесшісі Бахыт Амангелді, сондай-ақ Қазақстан франчайзинг қауымдастығының президенті, жазушы, публицист Бекнұр Қисықов қатысты. Жалпыфорумға 200-ге жуық адам жиналды.

Форум бағдарламасы екі тақырыптық блоктантұрды. Кездесу барысында отбасы институтыннығайту, әке институтының қоғамдағы рөлінарттыру, жауапты әкелік мәдениеттіқалыптастыру және ұлттық құндылықтардыдәріптеу мәселелері талқыланды.

Спикерлер өз баяндамаларында отбасыинститутындағы әкенің рөліне ерекше назараударып, бала тәрбиесіндегі әкенің миссиясытек материалдық қамтамасыз етуменшектелмейтінін атап өтті. Сонымен қатарбаланың тұлғалық, әлеуметтік және руханиқалыптасуындағы әкенің орны, ата-анаарасындағы үйлесімді қарым-қатынас, отбасылық жауапкершілік мәдениеті жәнетәрбиедегі сабақтастық мәселелері қозғалды.

Талқылау аясында қазіргі қоғамдағы әкебейнесінің трансформациясы, бала тәрбиесіндегі психологиялық қолдаудыңмаңыздылығы және отбасы құндылықтарынсақтаудың қоғамдық тұрақтылыққа әсеріжөнінде пікір алмасу өтті.

Форум шеңберінде панельдік пікірталастарұйымдастырылып, қатысушылар отбасылықсаясатты жетілдіру, әке институтын дамытужәне тәрбие жұмысындағы заманауитәсілдерді енгізу бойынша ұсыныстарын ортағасалды. Ашық диалог форматындағы алаңқатысушылар арасында тәжірибе алмасуғамүмкіндік берді.

Іс-шара қорытындысында отбасы институтыннығайту, әке тәрбиесінің қоғамдық маңызынарттыру және жауапты әкелік мәдениеттідамыту бағытындағы жұмысты жалғастырудыңмаңыздылығы атап өтілді.

 

Related posts

Мемлекет басшысы Германияның ірі бизнес өкілдерімен кездесті

editor

Қуыршақ театры Халықаралық қуыршақтар фестивалінде Гран-при жеңіп алды

editor

Абай облысында жергілікті медицина жаңартылып жатыр