Жылына 20 мыңнан астам нәресте шала туылады

Елімізде жыл сайын 20 мыңнан астам бала мерзімінен бұрын дүниеге келеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дүниежүзінде жыл сайын шамамен 15 миллион сәби мерзімінен бұрын туады. Бұл барлық жаңа туған нәрестелердің шамамен 10%-ын құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш жыл сайын 20-22 мыңға жетіп, жалпы жаңа туған нәрестелердің шамамен 5%-ын құрайды.

«Қазақстанда қазіргі заманғы перинаталдық технологиялардың көмегімен 500 граммнан бастап экстремалды төмен салмақтағы және 1000 граммнан төмен салмақтағы нәрестелерді күту мүмкіндігі бар. Бұл бағытта 39 перинаталдық орталық жұмыс істейді. Президент тапсырмасымен 12 жаңа перинаталдық орталық салу жоспарланған», деп жазылған хабарламада.

 

Related posts

Қазақстан Мароккомен өзара визасыз режим енгізуі мүмкін

editor

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

editor

Бидай тиелген жүк көлігі аударылды

editor