Қырғызстанда екі қазақстандық жалған доллар сатқаны үшін сотталды

Тергеу нұсқасына сәйкес, Қазақстан азаматтары Е. мен Ж. 2023 жылдың желтоқсанында Бішкекте төрт жергілікті тұрғынға 100 долларлық купюралар түрінде 70 мың жалған доллар берген. Олар бұл ақшаны банктер мен айырбастау пункттерінде аз-аздан шынайы ақшаға ауыстырған. Жалған купюралардың бір бөлігі осылайша айналымға түскен.

Алайда бұл заңсыз әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмаған. Нәтижесінде барлық қатысушылар ұсталып, сотқа берілді.

 Первомай аудандық сотының үкімімен Қазақстан азаматы Е. «алдын ала сөз байласу арқылы, ірі көлемде ақша және бағалы қағаздарды қолдан жасау» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға жалпы режимдегі түзету колониясына бас бостандығынан айырылды.

Оның отандасы Ж. да дәл осы бап бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға жалпы режимдегі колонияға сотталды.

Stan.kz

Related posts

БОКСТАН ЖАСТАР ҚҰРАМАСЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 9 АЛТЫН ИЕЛЕНДІ

Назия Жоямергенқызы

Journalism education issues discussed at TDM

ttjk

Түркиядағы «Қауіпсіз туризм» бағдарламасы: Вакцинация бағдарламасы туризм қызметкерлеріне қауіпсіз

ttjk