ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ҚАРСАҢЫНДА КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ БАЛАЛАРҒА БІР РЕТТІК ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж 37 087 баланы бір реттік қаржылай көмекпен қамтамасыз ету үшінжергілікті бюджеттен 1,3 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер тарапынан да көмектер берілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов баяндады.

 Науқан аясында 1754 бала қаржылай, 3 156 балаға оқу құралдары, 485 балаға мектеп формасы, 196 балаға аяқ киім алынды. «Самұрық-Қазына» Қорының бастамасымен 1 сыныпқа баратын 1830 оқушыға рюкзак пен кеңсе заттары табысталды. Мұнан өзге,  «Ел-арай» Қорымен 500-ден астам балаға көмек көрсету жоспарлануда. Бүгінде жеке мектептердің аз қамтылған отбасынан шыққан 2000-нан астам баланың мәселесін шешу қарастырылуда,- деді Бағдат Камбозұлы.

Сондай-ақ, брифинг барысында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтылды. Жалпы аймақ бойынша жаңа оқу жылында 180 мың оқушы білім алады деп жоспарлануда. Бірінші сыныпқа – 17 543 бала қабылданды. Педагогтар саны – 23 086 құрайды.

Бүгінде барлық білім беру ұйымдары қажетті санитарлық-гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Оқулық және оқу-әдістемелік кешендерге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд тг бөлініп,  412 029 дана оқулық алынды. Бұған қоса, 25 тамызға дейін тасымалдау-тарату жұмыстары толық аяқталады. Мектептер толықтай интернет желісімен қамтамасыз етілді. Осы жылдың қаңтар айынан 1-4 сыныпта оқитын 70 173 және әлеуметтік осал отбасыдан шыққан 5-11 сыныптағы 16 777 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Бұл жұмыстар жаңа оқу жылында да жалғасады, -деді Бағдат Камбозұлы.

@Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Related posts

Halyk Bank – Қазақстандағы бизнеске арналған мобильді банктер рейтингінің үздігі

ttjk

ЧАТАЛ-ХЮЮК ПРЕДСТАВЛЯЕТ СОВРЕМЕННЫЙ ГОСТЕВОЙ ЦЕНТР

Назия Жоямергенқызы

Қонаевта 5000 әскери дауыс берді

ttjk