АЛМАТЫҒА ТҮРКИЯ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Түркітілдес журналистер қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы (WFPA) ұйымдастырған жоба шеңберінде Түркияның Балыкесир, Стамбұл қалаларынан Алматыға арнайы делегация келді.

Делегация құрамында Балыкесир қаласы Кареси ауданы әкімі Динчер Озкан, Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир, Түркия Республикасы Ақпарат министрлігі Ресми хабарландыру басқармасы өкілі Месут Онат, Балыкесирдегі жергілікті БАҚ басшылары бар.

Бағдарламаға сәйкес, түркиялық қонақтар Алматының көрікті жерлерін аралап, жергілікті БАҚ өкілдері мен медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдарымен танысады. Сонымен қатар Түркия делегациясы Алматы қаласы әкімдігінде ресми кездесулерде болады.

Жобаның басты мақсаты – Қазақстан мен Түркия ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби бірлігін арттыру, ортақ жобалар жайлы кеңесу, бауырлас екі елдің халықтарына түбі бір түркінің ортақ құндылықтарын насихаттау.

 

Related posts

FameLab Kazakhstan жеңімпаздары

ttjk

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

ttjk

Тамыз – Түркияда фундук маусымы

Назия Жоямергенқызы