Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ғылым саласындағы мемлекеттік қаржының жұмсалуына жүргізілген аудит қорытындысын жариялады. Оның мәліметінше, 262 млрд теңгенің 51 млрд теңгесі заң талаптарын бұза отырып жұмсалған, ал 47 млрд теңге тиімсіз жоспарланып немесе игерілген. Қаржылық бұзушылықтар мен алынбай қалған пайда көлемі 16 млрд теңгеге жеткен.
2023–2025 жылдарға жоспарланған 393 ғылыми-техникалық тапсырманың 149-ы орындалмаған. Аудит нәтижесінде 36 заңбұзушылық бойынша материалдар әкімшілік жауапкершілік мәселесін қарауға, үш іс құқық қорғау органдарына жолданбақ.
