ТУРИСТ ТАҢДАУЫ ТАЙЛАНД

Қалай болғанда да, ел көргенге, жер танығанға не жетсін! Саяхат құрып, ұмытылмас демалыс күндерін өткізем десеңіз Тайландқа бет алыңыз! Әрі қызықты, әрі бағасы да тиімді.

Астанасы – Бангкок.

Тілі: тай. 

Діні: буддизм.

Ақшасы: бат. 1 АҚШ доллары = 32 батқа тең.

Статистикалық мәліметтер бойынша жылына сыртқа 391 385 турист демалуға кеткен. Оның 203663 Туркия, 53333 Қытайда, 18359 Тайланд, 34344 Арабия демалыстарын өткізіп келген. Осылайша елімізге қарағанда сыртқа демалушылардың саны екі есе көп.

 

Тайландқа бару үшін виза керек пе?

         Бүгінгі таңда Қазақстандықтар Тайландқа жиі бару мақсатында бұл сұрақ көбісін толғандырады. Ресей азаматтары 30 күнге саяхаттап баратын болса виза қажет етілмейді. Қазақстан азаматтары Тайландтың визасын сол елдің әуежайына қонған кезде ала алады. Ол үшін тиісті құжаттарды:

паспортты

фотосуретті (4х6 см)

виза алу үшін толтырылатын сауалнаманы

көші-қон карточкасын және 1000 батт (шамамен 30 АҚШ доллары) ақшаны «Visa on arrival» терезесіне өткізу керек.

Барлық документтер ағылшын тілінде болу керек.

Туристік виза беріледі:

— Тайланд Корольдігіне туристік мақсатпен келсе (санаты «TR»)

— Медициналық тексеру немесе емделу мақсатында болса (санаты » MT»).

Консулдық алым: 40 Доллар (консулдық алым алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін, төлем АҚШ долларымен қабылданады).

қолданылу мерзімі: 3 ай

болу мерзімі: келген күннен бастап Тайландта 30-60 күн болуға рұқсат етіледі.

Есте ұстаңыз сол  елде Қазақстан азаматтарына 15 күнге баратын болсаңыз Тайланд виза беретін болады.

Тайланд Корольдігінің  Алматы қаласындағы консульдігі жайлы ақпарттарды  thaiconsulate.kz сайты арқылы біле аласыз.

Виза жасауға көмектесетін компаниялар:
Abdi travel
International travel plus
Otrar travel
Silk Tour

 

Балаларыңызбен барсаңызда тиімді

         Тайланд – таңғажайып және бірегей ел. Егер де балаңызбен өзіңіз керемет әсерге бөленгіңіз келсе Тайландқа міндетті түрде баруыңыз керек. Мұнда сіз жағымды, ұмытылмас эмоцияға толы болып қайтасыз. Балаларыңызбен демалатын болып шешсеңіз, міндетті түрде уақыт белбеуіне назар аударғаныңыз жөн. Біраз уақыт балаңыз уйрене алмай температура, бас ауруы , шаршау , ұйқының бұзылуы сынды аргументтер болады. Мұны болдырмас үшін жергілікті балаларды жерсіндіруге көмектесетін мамандарға жолыққаныңыз абзал. Бейімделу жағдайы  әдетте ұзаққа созылмайды, екі-үш күндей ғана болады. Қайталанбас бұл жерде отбасыңызбен бірге болуға Пхукет, Чианг Май, Самуи, Краби және Хуа Хин сияқты керемет жерлері бар.

Балаларыңызға арналған арнайы жайлы қонақүйлер кездеседі. Оларға арналған менюлер, бассейін, әр түрлі ойын алаңдары, су әткеншектері, анимациялар көп. 7 жасқа дейінгі балаларға пілге мінуге болмайды. Мұндағы таза жағажайлар, қызықты экскурсиялар,ойын-сауық саябақтары, хайуанаттар бағы,пілде серуендеу, маймылдармен сөйлесу,суретке түсу балаларға естен кетпес демалыс сыйлайды. Тіпті кейбір қонақүйлерде бала қараушыларда кездеседі.Өзіңізбен бірге күннен қорғайтын кремдеріңізді ұмытпаңыз. Ең бастысы қонақүй таңдаудан қателеспеңіз болды.

Жалғыз Тайландқа саяхаттаудан қорықпаңыз. Адамдары жайдарлы, тіпті түнделетіп жүрсеңіз сізге ешкім тисе қоймайды. 

Тайда талай қызық бар

Тайландқа қазан айынан бастап ақпанға дейін саяхат құруға болады. Бұл айларда жаңбыр мен аптаған ыстық болмайды. Наурыздан мамырға дейін және тамыз айы Тайландта ең ыстық айлар болып есептеледі.Тайландтағы ауа райы – тро­пикалық. Дәл осы ауа райы демалушылардың денсаулығына оң әсері бар. Бұл жақта жыл бойы демалуға болады. Тайланд патшалық. Олар патшасын Жаратқаннан кем көрмейді.

Жергілікті халқы байсалды, мейірімді жандар. Күндізгі демалыста – киелі жерлерге, ғибадатханалар мен ескерткіштерге сапар құруға болады. Бұл жерде сағаттап шомылып, күнге күюге, аквалангпен суға түсуге, балық аулауға болады. Жүрек жұтқан демалушылар қолтырауын мен жылан үйретушілердің жан түршігерлік көрсетілімін тамашаласа, енді бірі пілдің үстіне мініп алып сапар құру естен кетпес оқиға болып қалмақ.Таңғажайып карнавал, фестиваль мен бас айналдырар шоу­лар Тайландта барлық уақытта өтеді. Мәселен, Тай елінің ұлттық салт-дәстүрімен толығырақ танысам десеңіз Тиффани-шоуына жол тартыңыз. Эстрада мен пародия әлемімен Алказар-шоу таныстырады. Түнгі Тайландтың да қызығы мол. Алуан түрлі ойын-сауықты көргенде жәннаттың төрінен орын алғандай күй кешесіз. Би кештерінде қалайша мың бұрала билеп кеткеніңізді сезбей қалуыңыз ғажап емес. Қаланың саудасы түнде қызады. Мереке мен күлкі Отанынан кәдесый, дәмді ас, ғажайып киім-кешек сатып алуға болады. Тайландтағы мейрамхана мен қонақүйдегі жоғары қызмет көрсету кез келген талғампаз демалушының көңілінен шығады. Мыңдаған қонақүйлер қалтасы әр түрлі дәрежедегі қонағын күтіп алуға қашанда дайын.

Әлемдегі ең үлкен ресторан ретінде гиннесс кітабына енген Tum Nuk Tha рестораны да осында .

Оның үлкендігі сондай, даяшылар бір шетінен бір шетіне тезірек жету үшін аяғына роликті конки байлап алып зырғып жүреді. Ресторанда бір мезгілде 1200 адам тамақтана алады . Ерекше экзотика іздесеңіз, онда <чөкөтай> ресторанынан артығы жоқ. Пілдің тізе еті, аю башпайынан жасалған салат, жолбарыс бифштексы, қолтырауын құйрығының қуырдағы, тасбақа жұмыртқасы, кептірілген жылан, бұқтырылған жарқанат сияқты неше түрлі тамақтарды туристер қылғытып-ақ жатады.
Әжептеуір қымбат деген ресторанның өзінде кешкі астың құны әр адамға шаққанда 20 доллардан аспайды. Екі жарым мың теңгеге біздің Алматыда  жөнді кафеден тамақтана алсаңыз қуанарсыз.

 

 

Тайланд жайлы қызықты 7 факт

1.Тайландтағы жыл санау жүйесі әлемнен өзгеше. Дәл қазір ол жақта 2557 жыл.

2.Тайланд көшелерінен маскүнемдерді кездестіру мүмкін емес.Олар мүлдем ішімдік ішпейді десек те болады. Ал ішкен жағдайда мәдениеттіліктен аттап өтпеуге тырысады.Әдетте ішімдік ішкен тайлық жәй ғана жымиып отырады.

  1. Аталған мемлекетте дауыс көтеріп сөйлесуге болмайды. Ал жымиып тұрған тұрғынды ақымақпен шатастырудың қажеті жоқ. Бұл — олардың қалыпты көңіл күйі. Тайланды осы себептен де «көтеріңкі көңіл күйдің елі» деп атайды.
  2. Тайланд халқы түгелдей дерлік мектепте ағылшын тілін меңгерсе де, оны тұрмыста қолдануға ұялады. Десе де ағылшын және орыс тілін жақсы меңгерген тайлықтарды кездестіру қиын емес. 
  3. Адамның басы ең қасиетті мүше болып саналатындықтан, олардың барлығы дерлік жер үйде тұрады. Яғни көп қабатты үйде тұратын тайлықты кездестіру мүмкін емес.
  4. Көлік қозғалысы кері бағытта жүзеге асады.  7. Тайландты «ақ пілдер жері» деп атайды. Егер бір отбасында ақ піл дүниеге келсе, олар өмірінің соңына дейін көптеген жеңілдікке ие болады.

Шоппинг

         Дүкендер ,әдетте, сағат  10 мен кешкі 22 аралығында ашық болады. Шоппинг өте қызықты, әрі жарқын есте қаларлықтай өтеді. Тайланд сауда орталықтары Азиядағы ең ірілерінің бірі саналады. Туристер үшін сауда жасауда  барлық жағдайлар жасалынған, бағалары және сапасы жағынанда сіз үшін тиімді келеді. Қарапайым дүкендердің өзінен қажетіңізді таба аласыз. Әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар. Бангкокте спорттық киімдер мен аяк киімдер, әр түрлі аксесуарлар Паттайяда болса, Самуи мен Пхукетте жібектен және  қолдан жасалған бұйымдарды, тропикалық жемістер мен азық-түліктер көбірек кездеседі. Мұнда экзотикалық жануарлардың терісінен жасалған заттар мен табиғи косметикаларды, емдік бальзамдарды ала аласыз. Мауысыммен тамыз аралығында 10-70 пайзға дейін жеңілдіктер жыл сайын болып тұрады. Ол тек киіммен азық-түлікке ғана емес, пластикалық ота жасаумен SPA-салондарғада тиесілі. Жеңілдіктер болып жатқан жерлерде «Amazing Thailand Grand Sale» деген жазуды көресіз.  Жаңа жылға байланысты ірі сауда орталықтарында желтоқсанмен ақпан аралықтарында брендті киімдерге жеңілдіктер жариялануда.

Егер де алған киіміңіз қонақүйге барғанда ұнамай немесе ыңғайсыз болып жатса заңға сәйкес 90 күн ішінде айырбас жасауыңызға немесе қаражатыңызды қайтарып алуға болады. Ең ірі сауда орталықтары: Support, Terminal 21, Siam Paragon,  Central World Plaza, Mike Shopping Мall. Отбасыңызға, достарыңызға сыйлық ретінде манго,кокос,личи, джекфрут, рамбутан секілді жемістерді әкелсеңіз,сонымен бірге киімдер мен табиғи косметикалар,бальзамдар, кокос майын сыйға тартсаңыз болады.

Related posts

«Қазақстанның даму банкі» мен «Bagalau Qazaqstan» ынтымақтасты

«Теңізшевройл»: COVID-19 індетіне қарсы күрес

ttjk

HALYK BANK-ТЕН КОМИССИЯСЫЗ QR-ТӨЛЕМДЕР

ttjk