Абай облысы Аягөз ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде

 

Аягөз ауданында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1160,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде 500 шақырым республикалық, 250 шақырым облыстық, 410,7 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар және 128 шақырым қалаішілік жолдар бар. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Аягөз ауданының әкімі Данияр Шәкәрімов баяндады.

— Жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 774,9 млн теңге бөлініп, бірқатар елді мекендердің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айғыз, Ақшатау, Баршатас және Тарбағатай ауылдарында жалпы ұзындығы 12 шақырымнан астам жол жөнделеді.Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен 1 млрд 8,3 млн теңгеге аудандық маңызы бар кірме жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар Бидайық ауылына кірме жол және Ақшаулі-Мыңбұлақ бағытындағы жолды қамтиды, — деп атап өтті аудан әкімі.

Сонымен қатар, жол сапасына бақылау орнату мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-мен сараптама жүргізу үшін тиісті шарттар жасалуда.

Related posts

Курчатов толықтай жылыту маусымына дайын

Назия Жоямергенқызы

Доступный туризм для всех: как активисты развивают инклюзивный туризм в Акмолинской области

ttjk

ҚАЗАҚ ПИАРШЫЛАР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Назия Жоямергенқызы