Мазмұнға өту

Балалардың құқықтарын қорғау туралы кеңесті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Өкілі Рашед Сарвармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар балалардың денсаулығын қорғау, инклюзивті білім беруді дамыту, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, психикалық денсаулық мәселелері және әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайтуға бағытталған бағдарламаларды талқылады.

«Біз Ұйымының озық халықаралық тәжірибені енгізу, балалар құқықтарын қорғау саласындағы әдіснама мен мониторинг тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ инновациялық шешімдер мен жұмыс тәсілдерін енгізу бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалаймыз», – деп мәлімдеді Министрдің бірінші орынбасары.

Е.Ашықбаев ЮНИСЕФ-тің «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы үшін ризашылығын білдірді, сондай-ақ Қазақстанның 2025 жылғы қарашада Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға бағытталған Жаһандық альянсқа қосылуына жәрдемдескені үшін алғыс айтты.

ЮНИСЕФ Өкілі 2026–2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы ұлттық стратегиялық құжаттардың басымдықтарына және БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі комитетінің қорытынды ескертпелеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті нығайтуға және ЮНИСЕФ-тің 80 жылдығына арналған бірлескен іс‑шаралар өткізуге келісті.


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6085

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.