1 000 000 000$ ӘКЕЛГЕН ИДЕЯЛАР

 Бизнесмендер үшін ақша табудың сан түрлі жолдары бар, бірақ миллион не миллиард табудың жолын бәрі бірдей таба бермейді. 


Миллиард табуға болатын идеяға қалай қарайсыздар?!… Ол идеяны қолыңызға әкеліп бергеннің өзінде де оны ары қарай іске асырып кетуіңіз екіталай болуы мүмкін. Сол идеяларды іске асыра білген, сол арқылы миллиард тапқан адамдар туралы осы жазбамда айтып кетсем деймін.

1-орын — Мишель Ферреро және оның жанұясы — $10 млрд.
Идея: Бутербродтар мен тосттарға арнап шоколад майын жасау.

2-орын — Брэд Хьюз — $5,3 млрд.
Идея: Үлкен автожолдар мен көпірлер қасында автоматты сақтау қоймасын салу.

3-орын -Ральф Лорен — $5 млрд.
Идея: Қарапайым жейдеге жылқының суретін жапсыру. Әр жапсырмаға 50 доллар салу арқылы даму.

4-орын — Джефф Бизос — $4,4 млрд.
Идея: Кітап дүкендеріне барып кезекте тұрмас үшін, қажетті әдебиеттерін дер кезінде қолға түсіру үшін және кітап сатушылардың жұмыстарын жеңілдету үшін жаңа интернет-дүкен ашты. Нәтижесінде Amazon.com компаниясы дүниеге келді.

5-орын — Тай Уорнер — $4,5 млрд.
Идея: Жұмсақ әрі сүйкімді қонжықтар сату. Бұл ойыншықтар сатылымнан кейін коллекционерлік экземплярларға айналып кетті.

6-орын — Калео Ювидиха (Таиланд) және Дитрих Матешиц (Австрия) — $3,1 млрд және $3 млрд.
Идея: Қант пен кофеин негізінде жасалған, В дәруменіне бай энергетикалық сусындарды спортсмендер мен түнгі серуендерді ұнататындарға сату.
7-орын — Марио Моретти Полигатто (Италия) — $3 млрд.
Идея: Аяқ ішіндегі терлеуден пайда болған жағымсыз иістерден қорғайтын аяқ киім жасау.
8-орын — Джеймс Дайсон — $ 1,6 млрд.
Идея: Ең мықты шаңсорғыш жасап шықты. Ол шаңды сағатына 320 км жылдамдықпен сорады.
9-орын — Ханс пен Поль Райгели — $1,5 млрд (екеуі де).
Идея: Әртүрлі тәтті сағыздар сату.
10-орын – Говард Шульц — $ 1,1 млрд.
Идея: Starbucks атты «кофеиндік империя» жасады. Оның кофе дүкендері Американың түпкір-түпкірінде ашылған.

Жазира Самидинова

 

Related posts

ӘЗІРБАЙЖАН ХАЛҚЫ ҚАРА ЖАМЫЛДЫ «Гүнешлідегі» қайғылы оқиға

Назия Жоямергенқызы

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК СЕМИНАРЫ

ttjk

АЛМАТЫДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР

Назия Жоямергенқызы