MODEKO-2017 ИЗМИРДЕ БОЛАДЫ

Қазақстандық жиһаз компанияларының өкілдері Түркияның Измир қаласында өткізілетін MODEKO-2017 халықаралық жиһаз көрмесіне қатысады. 2017 жылдың 1-5 наурызы аралығында болатын шараның демеушілері қонақүй мен көлік шығынын өз мойындарына алған.

Биыл 28-рет өткізілгелі отырған шараның басты демеушілері: Түркия Республикасы экономика министрлігі, Измир әкімдігі, Еге аймақтық кәсіпкерлер палатасы, Измир Сауда палатасы т.б.

Көрме барысында әлемнің 32 елінен келетін 1200-ге жуық қатысушы 5 күн бойы әлемдік стандартқа сәйкес жиһаз шығаратын измирлік кәсіпорындармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алады.

Халықаралық нарықта түріктердің жиһазы сапасы жағынан үлкен сұранысқа ие. MODEKO-2017 көрмесінде классикалық, авангард, модерн және модульдық стильдегі жиһаздың қонақүй, асүй, балалар мен жасөспірімдер бөлмесі, жатын бөлмеге арналған түрлері ұсынылады. Жұмсақ жиһазбен қатар орындық, үстел, шкафтың да түр-түрі сатып алушылардың көңілінен шығары анық.

CSIL зерттеу компаниясының деректеріне сүйенсек, Түркия жиһаз экспорты жағынан әлемдік нарықтың 2 пайызын иемденеді. 2003-2011 жылдар аралығында Түркияның жиһаз өнеркәсібі 292 пайызға өскен. Түркияның Жиһаз ассоциациясы түрік жиһазшылары алдағы 2-3 жылда әлемнің үздік ондығына енуді көздеп отыр. Бүгінде түрік өнімі Ирак, Германия, Иран, Әзірбайжан, Франция, Түркіменстан, Нидерландтар, Ресей, Сауд Аравиясы мен Италияға экспортталады. Ал былтыр MODEKO-2016 жиһаз көрмесіне Швеция, Голландия, Грузия, Катар, Оман, Израиль т.б. жалпы саны 32 мемлекеттен сатып алушы қатысқан.

Измир – көлемі жағынан алғанда, Түркияның алғашқы үштігіне енетін қала. Стамбұлдан кейінгі аса маңызды порт та Измирде орналасқан. 8500 жылдық тарихы бар әсем қаланың туризм саласы да күшті дамыған. Табиғаты тамаша Измирде тарихи мұраға арналған мекендер көп. Шипалы термалды су, ыстық бұлақтар, жағажайлар, өзіндік асханасымен ерекшеленетін қалада халықаралық деңгейдегі көрме, фестиваль, жәрмеңкелер жиі өткізіледі.

MODEKO-2017 көрмесінің ұйымдастырушылар қатарындағы AntExpo Org. ve Dan. Tic. Ltd. Şti компаниясының басшысы Рабя Алга ханымның айтуынша, көрменің демеушілері мен ұйымдастырушылары биыл Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан секілді басқа да посткеңестік елдерге баса назар аударып отыр. Өйткені, түрік жиһазшылары орталықазиялық елдермен арадағы сауда айналымын жақсартуға және іскерлік қарым-*қатынасты күшейтуге мүдделі.

Измирдегі MODEKO-2017 көрмесіне қатысқысы келетін қазақстандық жиһаз дүкендері, акссесуарлар мен интеръер, дизайн жасаушылар Рабя Алга ханымға хабарласа алады.

Rabia Alga (Y. Mimar/Architect)

Business Development Director

AntExpo Org. ve Dan. Tic. Ltd. Şti

Armağanevler Mah. Güngör Sok.

No: 10/14B  D: 5 PK: 34760

Ümraniye, İstanbul – Türkiye

Tel: +90 216 541 0390
GSM: +90 532 461 5838
Fax: +90 216 541 0389
Skype: rabia.alga
E-mail: rabia@antexpo.net
Web: www.antexpo.net

Related posts

“ҚАУІПСІЗ ӨМІР” ЖОБАСЫ

ttjk

Астанада «Наурыз» ұлттық сыйлығы табысталды

ttjk

ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ: «ЕРКІН СӨЗ»

ttjk