ТАУЛЫ КАРАБАХТАҒЫ ӘЗІРБАЙЖАН ЖЕҢІСІ

Әзірбайжан мен Армения арасында дауға айналған Таулы Карабахта әзірбайжан сарбаздары екінші рет жеңіске жетті.

Бүгін Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьері Никол Пашинян Таулы Карабах бойынша келісімшартқа қол қойылғанын мәлімдеді.

Путиннің айтуынша, 10 қарашадан бастап екі ел арасындағы қарулы қақтығыстар мен барлық әскери шаралар тоқтатылған. Ал дауға себеп болған аумаққа Ресейдің бітімгершілік күші енгізілген.

Пашинян мұндай шешімге Армения ішіндегі наразылық шараларының жиілегені мен әскердің соғысты тоқтату туралы талабына сай қабылдағанын айтты.

Ал Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев аталған құжатта Таулы Қарабақтың мәртебесі туралы бір де бір сөздің жоқтығын және өзі президент боп тұрған кезде Таулы Карабахтың Әзірбайжан территориясы саналатынын мәлімдеді.

 

Related posts

Cuisine | Indulge in Italy’s Best Eats at La Festa Italiana

ttjk

Түркітілдес журналистер қоры Анталья Журналистер одағымен Меморандумға қол қойды

ttjk

18 мамыр Халықаралық мұражай күні. Түркияның бай мәдени мұрасын ашатын кез келді

ttjk