Паранжа мен никаб киюге заңмен тыйым салынды

Швейцария Үкіметі жаңа жылдан бастап қоғамдық орындарда паранжа мен никаб секілді бет-әлпетті толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салды.

Бұдан былай паранжа мен никабты дүкендерде, мейрамханаларда, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық көліктерде киюге болмайды. Бірақ бетті жабатын киімдерді культтық орындарда, карнавалдарда немесе суықтан қорғану мақсатында қолдануға рұқсат етілген. Ереже бұзғандарға 100-ден 1000 швейцарлық франкке дейін (110-1102 АҚШ доллары) айыппұл салынбақ.

Бұл шектеуді енгізу бастамасы 2021 жылдың наурызында өткен референдумда мақұлданған болатын. Сол кезде сайлаушылардың 51,2%-ы тыйымды қолдап дауыс берген еді. Швейцария президенті Карин Келлер-Зуттердің айтуынша, бұл тыйым елдегі 400 мың мұсылманның аз ғана бөлігін қамтиды. Оның мәліметінше, елде никаб киетін әйелдердің саны шамамен 20-30 адамды құрайды.

Жылпы осындай ережелер Швейцариядан бөлек Австрия, Бельгия, Болгария, Дания және Нидерланды секілді бірқатар Еуропа елдерінде қолданылады. Ал Франция бұл тыйымды 2011 жылы бірінші болып енгізген болатын.

Related posts

«ӘЛЕУМЕТ – ҚОҒАМ АЙНАСЫ»-2022 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ttjk

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

ttjk

The finest of the Aegean and the Mediterranean meet in Bodrum

ttjk