Астанада Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX Съезі өтеді

2023 жылдың 26-27 қазанында Астана қаласында Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX Съезі өтеді.

IX Съезд Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылғанына 75 жыл, ДДСҰ-ның халықаралық конференциясының Алматы декларациясына қол қойылғанына 45 жыл, Астана декларациясының 5 жылдығын атап өтетін Халықаралық конференцияға орайластырылған.
Қазақстан онкологтары мен радиологтары Съезінің бағдарламасы онкологиялық көмек көрсетудегі негізгі тақырыптарды қамтиды, оның ішінде онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау, ядролық медицина және визуалды диагностика, онкологиялық хирургия, кеуде қуысы онкологиясы, сүт безі ісіктері, урологиялық онкология, гинекологиялық онкология, бас және мойын ісіктері, сүйек, жұмсақ тіндер және меланома ісіктері, тік ішек ісігі, онкогематология, абдоминальды онкология, нейроонкология, қатерлі ісіктердің диагностикасы мен емдеудің заманауи медициналық технологиялары, сәулелік терапияның, таргетті және иммунотерапияның жоғары технологиялық әдістері, патоморфология, онкологиядағы қарқынды терапия, онкологиялық науқастарға оңалту, психоәлеуметтік, мейірбикелік және паллиативтік көмек көрсету мәселелері, қатерлі ісіктердің эволюциясындағы ғылыми жаңалықтар, саланың даму перспективалары мен онкологиялық науқастарға күтім жасау мәселелері камтылады.
Сонымен қатар, ДДСҰ-мен бірлескен онкологиялық көмекті ұйымдастыру, онкологиялық аурулардың алдын алу және скринингтік тексеру бойынша сессиялар өткізу жоспарланған.

Біздің миссиямыз – конференцияның барлық қатысушылары арасында тәжірибе мен білім алмасу ортасын ұйымдастыру, Қазақстан онколог-мамандырдың білім деңгейін көтеріп, халыққа сапалы онкологиялық көмек беру.

Қазақстан онкологтары мен радиологтары съезіне тіркелу және бағдарламасы: https://kazior.online/Home/Event/1012

Съездің Пленарлық ашылуы: 26 қазан 2023 ж., сағ. 17:00-де.

Мекен-жайы: Астана қ., Әлихан Бөкейханов көш., 1А, ҚР Президенттік орталық.

Related posts

Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күні

ttjk

Tips To Keep In Mind While Taking A Long Duration Flight

ttjk

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 21 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

ttjk