ҚАЗАҚ ҚЫЗ — ӘЛЕМДІК АРЕНАДА

Алматылық оқушы Дана Қадырбек Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді.

11-сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынды. Технология құрғақ жағдайда да су алуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған еді.

Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапты: өнертабысты құрылғыны пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылды, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталды.

Досалиева Несібелі Қалдыбайқызы
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төменарық ауылы 223 орта мектебінің 11-сынып оқушысы

Related posts

Абай облысының 15 медицина қызметкері шетелде біліктілігін арттырды

Қазақ журналистеріне үлкен мүмкіндік ашылмақ

ttjk

Хан Сұлтанның бейнесі әлемге жол тартты

editor