Прокурорлар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін Бас прокуратура қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Іс-шара барысында Бас прокуратура басшылығы елорданың қарқынды дамып келе жатқан аумағында ағаш отырғызып, қаланы көгалдандыруға үлес қосты.

Сондай-ақ қызметкерлер Бас прокуратура ғимаратының айналасында тазалау жұмыстарын жүргізіп, көршілес аумақты қоқыстан тазартты.

Аталған акция қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда тазалық құндылықтарын насихаттауға бағытталған.

Прокуратура органдары алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды қолдап, қоғамдық маңызы бар іс-шараларға белсенді қатысуды жалғастырады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Related posts

Discover Pamukkale’s Timeless SPA and Healing Traditions

ttjk

ПРЕЗИДЕНТ ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Назия Жоямергенқызы

В этом году отремонтировано 20 километров дороги «Семей – Карауыл»